«Номад» – «Корона» матчы қарсаңында

14 qarasha
278

Елордалық «Номад» 2026 жылғы Құрлықтық кубоктың екінші кезеңіндегі өнерін «Коронаға» қарсы матчпен жалғастырады.

Брашов қаласының командасы Румынияның ішкі чемпионатында да, румыниялық клубтармен қатар мажарстандық командалар өнер көрсететін халықаралық Эрсте лигасында да бақ сынайды. Қазіргі таңда «Корона» 13 матчта 30 ұпай жинап, чемпионаттың турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

«Коронаның» шабуыл шебіндегі негізгі көшбасшылары – канадалықтар Джереми Велш (9+9) пен Дэвид Левин (8+8), сондай-ақ Румыния құрамасында өнер көрсететін чехиялық Радим Валчар (4+14). Қақпашылар арасында мұз айдынында ең көп уақыт өткізген Аттила Адорьянның сенімділік коэффициенті 2,36-ны, ал қайтарған соққыларының үлесі 91,7%-ды құрайды.

Айта кетейік, румыниялық команда Құрлықтық кубоктағы өнерін бірінші кезеңнен бастады. В тобында «Корона» хорватиялық «Загреб», эстониялық «Спутник» және «Академия Будапешт» командаларынан басым түсті.

«Номад» – «Корона Брашов» матчы сағат 20:30-да басталады.

Матчтың негізгі оқиғаларын мәтіндік трансляция арқылы  осы жерден бақылауға болады.


Фото – «Азиаго» ХК


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.