Құрлықтық кубок. «Азиаго» – «Номад» 2:3

14 qarasha
276

2026 жылғы Құрлықтық кубоктің екінші кезеңіндегі алғашқы матчында «Номад» турнир қожайыны «Азиагомен» кездесті.

Бұл кездесуде «көшпенділердің» қорғаушылары шешуші рөл атқарды. Кирилл Никитин команданың турнирдегі алғашқы шайбасын соқты. Ал Артём Королёв дубль авторы атанып, үшінші кезеңнің соңында сан жағынан кем құрамда жеңіс шайбасын енгізді. Батырлан Мұратов екі нәтижелі пас берсе, Владислав Нурек 27 соққыны қайтарды.

D тобындағы алғашқы ойын күнінің тағы бір матчында даниялық «Херлев Иглз» «Корона Брашов» командасының қарсылығын еңсерді (2:1).

Бүгін Константин Пушкарёвтің шәкірттері «Коронамен» кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.

«Азиаго» – «Номад» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

1:0 – 03:03 – Порко (Парко, Зипула) СБ

1:1 – 10:14 – Никитин (Түсіпбеков, Мұратов)

1:2 – 21:30 – Королёв (Шульга, Мұратов)

2:2 – 26:46 – Маньябоско (Порко, Ригони)

2:3 – 56:24 – Королёв СК

Қақпашылар: Ригони – Нурек

Фото – «Азиаго» ХК


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.