Торпедо қарсыластарынан қара үзіп келеді, Атырауда овертайм, Алматыда буллиттер сериясы

13 qarasha
237

Жұма күні Қазақстан хоккей чемпионатында үш кездесу жоспарланған.

«Торпедо» «Арланды» тағы да жеңіп, тұрақты чемпионаттың турнирлік кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты. Көкшетаулықтардың қақпасына соғылған шайбалардың авторлары Марат Сағымбаев, Фёдор Хорошев және жеңіс голын соққан Артём Николаев болды. Екі рет жеңілгеніне қарамастан, «Арлан» турнирлік кестедегі үшінші орнын әзірге сақтап қалды.

«Торпедо» - «Арлан» 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)

0:1 - 23:06 - Коротин

1:1 - 24:19 - Сағымбаев (Николаев, Якушкин)

2:1 - 28:03 - Хорошев (Николаев)

2:2 - 45:19 - Кураков (Басов) ГБ

3:2 - 53:24 - Николаев (Александров)

Қақпашылар: Кудрявцев - Истомин

Дмитрий Кандаковтың дублі «Бейбарысқа» «Горнякты» аса маңызды кездесуде жеңуге мүмкіндік берді. Атыраудағы тартысты матч овертаймда аяқталды. Қонақтар сапында тәжірибелі қорғаушы Александр Куршук екі шайба соқты. Осы жеңістен кейін алаң иелері чемпионаттың үздік сегіз командасының қатарына қайта оралды.

«Бейбарыс» - «Горняк» 3:2 ОТ (1:0, 0:0, 1:2, 1:0)

1:0 - 11:26 - Плаксин (Ананичев, Юдин)

1:1 - 44:11 - Куршук (Стулов, Гурин)

2:1 - 50:32 - Кандаков (Гусейнов, Шишов)

2:2 - 59:01 - Куршук (Шингареев, Стулов)

3:2 - 61:07 - Кандаков (Гусейнов)

Қақпашылар: Шефер - Кудрявцев

«Алматы» мен «Құлагер» арасындағы кездесудің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Бір қызығы, алаң иелері негізгі уақыттың аяқталуына бес секунд қалғанда есепті теңестіріп, жеңілістен құтылып кетті. Алайда кейін шешуші буллитті сәтті орындаған Дмитрий Исмагилов петропавлдықтарға жеңіс әкелді. Юргис Дубинскас 24 соққыны қайтарды.

«Алматы» - «Құлагер» 2:3 Б (1:1, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 09:45 - Бурделёв (Корчагин, Литовченко)

1:1 - 12:29 - Своеволин

1:2 - 33:55 - Анисимов (Гопиенко)

2:2 - 59:55 - Литовченко (Петраков, Ольшанский)

2:3 - 65:00 - Исмагилов ПБ

Қақпашылар: Шпилев - Дубинскас


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.