Сарыарқа ойыншылары Азия чемпионатында

3 qarasha
266

5–8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында ерлер командалары арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Pro Ligasy ойыншыларынан жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына шолу жасаймыз. Бұл жолғы жарияланымымыз Қарағандының «Сарыарқа» клубының хоккейшілеріне арналады.

#26 Эдуард Михайлов, қорғаушы

Михайлов кезекті маусымын жоғары деңгейде өткізіп, қорғаушылар үшін өте жақсы нәтижелілік көрсетіп келеді. Pro Ligasy тұрақты чемпионатында ол 26 матчта 25 (3+22) ұпай жинады. Қазіргі уақытта Эдуард өз амплуасындағы хоккейшілер арасында маусымның үздік бомбардирі атанып отыр. Еске салайық, көктемде Михайлов элиталық дивизионға қайта жолдама жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасының сапында болды.

#29 Александр Борисевич, шабуылшы

«Сарыарқаның» тағы бір көшбасшысы Александр Борисевич те халықаралық деңгейде өз мүмкіндігін сынап көреді. Ең алдымен, ойыншының әмбебаптығын атап өткен жөн. Ол орталық шабуылшы ретінде де, қапталда да ойнай алады әрі сан басымдығы кезінде өте нәтижелі әрекет етеді. Биылғы чемпионатта Борисевич те әр матчта орта есеппен бір ұпайдан артық жинап келеді (25 кездесуде 7+22). Сонымен қатар ол шайба тастау нүктесіндегі жекпе-жектердің 60%-ында жеңіске жеткен.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.