«Алматы» мен «Горняк» ойыншылары Азия чемпионатында

3 qarasha
295

5–8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында ерлер командалары арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Pro Ligasy ойыншыларынан жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына шолу жасаймыз. Бұл жолғы жарияланымымыз «Алматы» және Рудныйдың «Горняк» клубтарының хоккейшілеріне арналады.

#7 Оскар Юлбарисов, шабуылшы

Қазақстан чемпионатында нәтижелілік бойынша рекордтық маусым өткізіп, Бірінші арна кубогінде ұлттық құрама сапында дебют жасаған Юлбарисов ел құрамасына екінші рет шақырту алды. Биылғы маусымда оң қолмен ойнайтын шабуылшы тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсетіп, қазіргі уақытта лиганың үздік төрт бомбардирінің қатарында тұр. Ол 26 матчта 10 шайба соғып, 25 нәтижелі пас берді. Ал «Горняк» чемпионаттағы үздік алты команданың қатарында сенімді түрде орналасқан.

#21 Евгений Рымарев, шабуылшы

Рымарев – ұлттық құраманың қазіргі сапындағы ең тәжірибелі ойыншы. Ол 12 әлем чемпионатына қатысқан, оның 8-і элиталық дивизионда өткен. Сондай-ақ Құрлықтық хоккей лигасында 250-ге жуық, ал Жоғары хоккей лигасында 650-ге жуық матч өткізген. Евгенийдің «Алматыға» келуімен оңтүстік астаналық клуб та, жалпы лига да жоғары деңгейдегі нәтижелі шабуылшымен толықты. Ол әр матчта орта есеппен бір ұпайдан артық жинап келеді. Тұрақты чемпионаттың 23 кездесуінде Рымарев 29 (14+15) ұпай еншіледі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.