Құлагер мен Арлан қатарынан үшінші жеңістеріне жетті, Санников «таза» хет-трик жасады

21 qazan
234

Сәрсенбі күні Pro Ligasy аясында екі кездесу өтті.

«Арлан» өз айдынында «Ертіске» тағы да мүмкіндік қалдырмады. Алаң иелерінің шабуылшысы Степан Санников «таза» хет-трик жасады. Оның үш голы 11 жарым минут ойын уақытының ішінде соғылды. Андрей Кураков дубль авторы атанды. Павлодарлықтар сапында Михаил Гулый екі шайба соқты. Қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізген көкшетаулықтар турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

«Арлан» - «Ертіс» 9:2 (4:0, 3:1, 2:1)

1:0 - 06:43 - Кураков (Шегебаев, Шапоров)

2:0 - 07:13 - Санников (Пузанов, Коротин) ГБ

3:0 - 10:18 - Санников (Шапоров, Денисов)

4:0 - 18:43 - Санников (Коротин, Кураков) ГБ

4:1 - 21:23 - Гулый (Акпирганов, Кладов)

5:1 - 26:22 - Роев (Ищенко, Бейсембиев)

6:1 - 28:08 - Беляев (Захаров, Нестеренко)

7:1 - 35:03 - Шапоров (Толуспаев)

8:1 - 44:00 - Кураков (Коротин, Санников)

9:1 - 52:53 - Коротин (Санников, Пузанов)

9:2 - 56:47 - Гулый (Акпирганов, Анцельм) ГБ

Қақпашылар: Каратаев (Ершов, 40:00-60:00) - Челайдюк (Коваль, 40:00-60:00)

Лиганың теріскейлік ұжымы «Құлагер» де қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. «Ақтөбемен» өткен қарымта кездесуде арнайы бригадалардың ойыны шешуші рөл атқарды. Қонақтар Александр Гопиенко, Егор Анисимов және Владимир Гребенщиковтың көмегімен сан басымдығын үш рет жүзеге асырды, содан кейін қорғаныста сенімді ойнады. Петропавлдықтардың қақпашысы Юргис Дубинскас 29 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 1:4 (0:1, 0:1, 1:2)

0:1 - 06:19 - Гопиенко (Чапоров, Анисимов) ГБ

0:2 - 34:47 - Анисимов (Гопиенко, Исмагилов) ГБ

0:3 - 40:22 - Чапоров (Боровков)

1:3 - 53:34 - Хоменко (Трибунский, Плотников) ГБ

1:4 - 56:02 - Гребенщиков (Мартынов, Попитич) ГБ

Қақпашылар: Костюков - Дубинскас


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.