Pro Ligasy аясындағы Қарағанды мен Алматы қалаларында өтетін матчтарды бақылаймыз.

«Сарыарқа» мен «Горняк» арасындағы қарымта кездесу тағы да тартысты өтті. Бұл жолы да қарағандылықтар аз ғана басымдықпен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында Артём Лихотников дубль авторы атанса, Данил Кадочников қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды.
«Сарыарқа» - «Горняк» 3:2 (1:1, 2:0, 0:1)
0:1 - 04:03 - Платонов (Пархоменко, Лазарев)
1:1 - 06:07 - Пономарёв (Пальмтаг, Королинский)
2:1 - 27:25 - Лихотников (Сиксна, Дюкарев)
3:1 - 36:55 - Лихотников (Карабань, Сиксна)
3:2 - 56:50 - Гурин (Куршук, Шингареев)
Қақпашылар: Кадочников - Мейдер

«Торпедо» оңтүстік астанада «Алматыға» тағы да мүмкіндік қалдырмады. Өскемендіктер өз мүмкіндіктерін дер кезінде тиімді пайдаланып, нәтижесінде 27 соққыны қайтарған Антон Осокинге қақпасын голдан аман сақтауға көмектесті. Қонақтар сапында Дмитрий Гренц, Александр Панченко, Иван Гавриленко және Никита Колобов мергендік есептерін толықтырды.
«Алматы» - «Торпедо» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)
0:1 - 06:37 - Гренц (Панченко)
0:2 - 29:34 - Панченко (Хорошев, Алдабергенов)
0:3 - 45:46 - Гавриленко (Рысбеков)
0:4 - 58:52 - Колобов (Жирнов)
Қақпашылар: Павлов (Яковенко, 15:27-60:00) - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Arlan
Saryarqa
Gornyak