ҚР Кубогының төртінші ойын күніне шолу

30 qańtar
1587

«Номад» Көкшетаудан ұпайсыз қайтты. «Торпедо» Parimatch – Қазақстан Кубогының финалдық бөлігіне шықты. «Алтай Торпедо» турнирді «Ертіске» қарсы ойындағы жеңісімен аяқтады. «Арлан» мен «Сарыарқа» жартылай финалға шықты.

«Теміртаулықтар» «Номадпен» ойынның әрбір кезеңінде шайба салып, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алайда бұл жеңіс Роман Козловтың командасына финалдық бөлікке шығуға мүмкіндік бермеді. «Номад» болса, Кубок аясында тіпті ұпай жинай алмады.

Матчтың үздік ойыншылары Джелал-ад-Дин Амирбеков пен Виктор Селивёрстов болды.

«Номад» – «Теміртау» 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)

0:1 – 06:38 – Кошелев (Колесников, Бычков)

1:1 – 19:39 – Гатиятов (Александров, Мангисбаев)

1:2 – 24:44 – Лызин (Холкин, Чайка) ГБ

2:2 – 49:32 – Пархоменко ГМ

2:3 – 52:44 – Кошелев (Потапов, Холкин)

2:4 – 59:49 – Кулиев ПВ

Қақпашылар: Амирбеков – Селивёрстов

Ақтөбеліктер Б тобының шешуші ойынында «Торпедоға» соққылар жасай алды. Алайда шешуші сәтте осы төрттіктің фавориті өскемендіктер дөп түсті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша турнирдің финалдық бөлігіне алдын ала кезең аясында бір де бір балл жоғалтпаған Олег Болякиннің ойыншылары шықты.

Кездесудің үздік ойыншылары Андрей Шутов пен Вадим Митряков болды.

«Торпедо» – «Ақтөбе» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 – 15:36 – Кучин (Стулов, Шин)

2:0 – 29:22 – Стулов (Угольников, Кучин)

2:1 – 39:30 – Скатов (Митряков, Степанов)

3:1 – 45:15 – Гренц (Кузнецов, Сироткин) ГБ

4:1 – 59:59 – Лихотников

Қақпашылар: Шутов – Мальгин (Скрипченко, 45:15 – 49:09)

«Ертіс» пен «Алтай Торпедоға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Нәтижесінде овертаймда жеңіске өскемендік ұжым жетті. Матчтың үздік ойыншылары Артём Игнатенко мен Александр Дзедаев болды.

«Ертіс» – «Алтай Торпедо» 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 24:59 – Подшивалов (Синицын, Хоменко) ГМ

1:1 – 44:58 – Игнатенко (Волков, Машинец)

1:2 – 62:24 – Дерзаев (Караваев, Хоменко) ОТ

Қақпашылар: Микушин – Нурек

«Арлан» мен «Құлагердің» жекпе-жегі Кубоктың тағы бір жартылай финалистін анықтады. Топтық кезең аясындағы үш ойында да жеңген көкшетаулықтар топ жарды. Матчтың үздік ойыншылары Анатолий Раенко мен Альберт Гатин болды.

«Арлан» – «Құлагер» 4:2 (2:1, 2:1, 0:0)

1:0 – 01:53 – Бердников Р (Раенко, Куликов) ГБ

1:1 – 06:05 – Нуриев (Крашенинин, Гатин)

2:1 – 10:25 – Раенко (Бердников Р, Ханьжин)

2:2 – 23:56 – Гатин (Святына) ГБ

3:2 – 33:07 – Куликов (Ханьжин)

4:2 – 39:49 – Евграфов (Раенко)

Қақпашылар: Демидов – Хозяшев

«Сарыарқа» «Горнякты» еш қиындықсыз жеңіп, Кубоктың финалдық бөлігіне жолдама алды. Қарағандылықтар сондай-ақ өз тобынан бірінші орынды иеленді. Матчтың үздік ойыншылары Жакен Ибрагимов пен Оскар Юлбарисов болды.

«Сарыарқа» – «Горняк» 5:0 (2:0, 3:0, 0:0)

1:0 – 02:08 – Рахманов (Евдокимов, Зеленков)

2:0 – 09:55 – Зеленков

3:0 – 21:30 – Борисевич (Голоднюк)

4:0 – 30:29 – Михайлов (Борисевич, Сиксна)

5:0 – 32:43 – Грымзин (Голоднюк, Борисевич)

Қақпашылар: Ибрагимов – Акулинин (Скрынников, 32:43-60:00)