Арлан Ертісті тізе бүктірді, Құлагер Ақтөбеден басым түсті, Бейбарыс Номадты тоқтата алмады

20 qazan
299

Pro Ligasy аясындағы Көкшетау, Ақтөбе және Атырау қалаларында өтетін матчтарды назарда ұстаймыз.

«Арлан» өз айдынында «Ертісті» жеңді. Көкшетаулықтар сапында Степан Санников (1+2) пен Алексей Пузанов (0+3) үш ұпайдан еншіледі. Осы жеңістің арқасында көкшетаулықтар көшбасшылар үштігіне жақындау жолындағы қуғынды жалғастыруда.

«Арлан» - «Ертіс» 5:1 (0:0, 2:0, 3:1)

1:0 - 34:36 - Шегебаев (Пузанов, Санников)

2:0 - 36:03 - Санников (Пузанов) ГМ

3:0 - 42:26 - Ищенко (Роев, Касенов)

3:1 - 46:39 - Гулый (Миллер, Акпирганов) ГБ

4:1 - 51:15 - Коротин (Пузанов, Санников) ГБ

5:1 - 59:35 - Касенов (Бейсембиев, Ищенко)

Қақпашылар: Ершов (Каратаев, 57:16-60:00) - Челайдюк

Денис Чапоров пен Александр Гопиенко дубль жасап, «Құлагердің» Ақтөбеде сенімді жеңіске жетуіне көмектесті. Егор Анисимов әріптестеріне төрт нәтижелі пас берді. Алаң иелері сапында Захар Захаров абырой шайбасының авторы атанды. Сонымен қатар ақтөбеліктер маусымда жіберген шайбалар саны 100-ге жеткен лигадағы екінші команда болды.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 1:7 (0:1, 0:2, 1:4)

0:1 - 15:04 - Боровков (Анисимов) ГБ

0:2 - 34:35 - Чапоров (Анисимов)

0:3 - 38:27 - Чапоров (Анисимов, Гопиенко)

0:4 - 44:16 - Штефан (Своеволин)

0:5 - 45:00 - Исмагилов (Попитич, Муканов)

1:5 - 49:17 - Захаров (Базанов, Киселёв)

1:6 - 51:17 - Гопиенко (Борисов, Чапоров) ГБ

1:7 - 57:39 - Гопиенко (Борисов, Анисимов)

Қақпашылар: Дубович (Шарипов, 51:17-60:00) - Дубинскас

«Номад» «Бейбарысты» тізе бүктіріп, осы тұрақты чемпионатта 40 ұпай межесіне жеткен командалардың алғашқысы атанды. Жеңіс шайбасын Никита Мерзликин соқты. Асанали Русланұлы екі нәтижелі пас берді.

«Бейбарыс» - «Номад» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 04:52 - Гросс (Китаров, Никитин) ГБ

0:2 - 23:57 - Мигунов (Русланулы)

1:2 - 26:46 - Шишов (Ванин, Гусев) ГБ

2:2 - 28:00 - Гусейнов

2:3 - 40:56 - Мерзликин (Русланулы, Мигунов)

Қақпашылар: Шефер - Шестаков (Дударкиев, 28:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.