Сарыарқа үштікке қайта оралды, Торпедо Алматыны ойсырата жеңді

19 qazan
312

Қазақстан хоккей чемпионатындағы кезекті ойын аптасы екі кездесумен басталды.

«Сарыарқа» матчтың алғашқы кезеңін қарқынды өткізіп, Рудный қаласының командасын үш рет қапы қалдырды. Ақырында осы серпін қарағандылықтарға жеңіс әкелді, дегенмен қонақтар кем дегенде бір ұпай еншілеуге өте жақын болды. Жеңіс шайбасы Данила Карабаньның еншісінде. Данил Кадочников қақпаға бағытталған 30 соққыны қайтарды.

«Сарыарқа» - «Горняк» 4:3 (3:0, 1:1, 0:2)

1:0 - 01:11 - Никулин (Люлько, Борисевич)

2:0 - 14:46 - Лихотников (Борисевич, Дюкарев)

3:0 - 18:27 - Шульга (Смольянинов, Дёмин)

4:0 - 38:24 - Карабань (Сиксна, Михайлов)

4:1 - 39:22 - Куршук (Юлбарисов, Стулов)

4:2 - 41:24 - Катков

4:3 - 58:01 - Платонов (Гурин, Шингареев)

Қақпашылар: Кадочников - Мейдер

«Торпедо» оңтүстік астанада «Алматыны» ойсырата жеңді. Диас Гусейнов пен Диас Рысбеков дубль авторлары атанды. Антон Осокин 18 соққыны қайтарды. Өскемендіктер чемпионат көшбасшысы «Номадты» қуып жету жолындағы күресін жалғастыруда.

«Алматы» - «Торпедо» 1:9 (0:2, 1:2, 0:5)

0:1 - 02:05 - Рахманов (Жирнов)

0:2 - 18:37 - Гусейнов (Рахманов)

0:3 - 22:16 - Рысбеков (Сағымбаев, Рифель)

1:3 - 23:06 - Яковлев (Литовченко, Ольшанский)

1:4 - 29:16 - Данияр (Гатиятов) ГБ

1:5 - 43:39 - Жирнов (Рахманов, Каиров)

1:6 - 44:08 - Глухих (Рысбеков)

1:7 - 49:52 - Гусейнов (Гатиятов)

1:8 - 51:44 - Гатиятов (Хорошев, Гусейнов) ГБ

1:9 - 56:29 - Рысбеков (Данияр, Гавриленко) ГБ

Қақпашылар: Осипов (Павлов, 20:00-29:16) - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.