Сәрсенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатында бір матч өтті.
«Сарыарқа» «Арланға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде гол соғу мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды. Ал көкшетаулықтар Данил Кадочников қорғаған қақпаны бір-ақ рет ала алды. Қонақтар қақпашысы барлығы 21 соққыны қайтарды. Айта кетерлігі, алаң иелері жалғыз голын матчтың аяқталуына небәрі 24 секунд қалғанда соқты. Қонақтар сапындағы алаң ойыншылары қақпашысына Виталий Божко, Руслан Дёмин және дубль авторы Владислав Никулиннің голдарымен көмектесті. Осы жеңістен кейін қарағандылықтар турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.
«Арлан» - «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)
0:1 - 09:11 - Божко (Наместников, Полохов)
0:2 - 24:30 - Никулин (Сиксна, Борисевич)
0:3 - 39:06 - Дёмин (Наместников, Смольянинов)
0:4 - 47:18 - Никулин (Смольянинов, Михайлов) ГБ
1:4 - 59:36 - Ищенко (Коротин, Санников) ГБ
Қақпашылари: Каратаев - Кадочников
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Gornyak