Ақтөбе Бейбарыстан тағы да басым түсті

13 qazan
242

Pro Ligasy аясындағы ойын күнінің жалғыз кездесуі елдің батысында өтті.

«Ақтөбе» мен «Бейбарыстың» екінші матчы да «қызыл-ақтардың» пайдасына аяқталды. Есеп те кешегі ойынмен бірдей болды. Бірінші кезеңде қарсыластар Алексей Козорез бен сан басымдығын сәтті пайдаланған Дмитрий Кандаковтың голдарымен алмасты. Ал матчтың аяқталуына жеті минут қалғанда Максим Базанов та сан басымдығын пайдаланып, «Ақтөбеге» ағымдағы чемпионаттағы төртінші жеңісін сыйлады. Осы нәтижесінің арқасында команда маусымда алғаш рет плей-офф аймағына енді. Илья Костюков қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 02:51 - Козорез

1:1 - 17:13 - Кандаков (Авдеенко, Гусейнов) ГБ

2:1 - 53:06 - Базанов (Захаров) ГБ

Қақпашылар: Костюков - Шефер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.