Қазақстан хоккей чемпионатында дүйсенбі күні үш кездесу жоспарланған.
«Торпедо» павлодарлық географиялық көршілеріне тағы да мүмкіндік қалдырмады. Бүгін де «Мұнайшы» ойыншылары алаң иелерінің қақпасына гол соға алмады. Саян Данияр мен Александр Панченко дубль авторлары атанды. Марат Сағымбаев үш нәтижелі пас берді. Антон Осокин қақпасына бағытталған 13 соққыны қайтарып, матчты «құрғақ» өткізді.
«Торпедо» - «Ертіс» 8:0 (1:0, 4:0, 3:0)
1:0 - 18:10 - Гусейнов (Данияр, Гатиятов) ГБ
2:0 - 24:00 - Данияр (Боровиков, Гатиятов)
3:0 - 24:10 - Гренц (Гавриленко, Сағымбаев)
4:0 - 28:36 - Панченко (Алдабергенов, Сағымбаев)
5:0 - 35:16 - Рифель (Сағымбаев, Глухих)
6:0 - 51:08 - Гатиятов
7:0 - 57:09 - Данияр (Гусейнов, Рахманов) ГБ
8:0 - 57:35 - Панченко (Гренц, Алдабергенов)
Қақпашылар: Осокин - Челайдюк
«Ақтөбе» «Бейбарыспен» Батыс дербиіндегі кезекті кездесуде жеңісті жұлып алды. Матчтың басты қаһарманы Галиасқар Айпов атанды. Ол шешуші үшінші кезеңде екі рет сан басымдығын сәтті пайдаланды. Илья Костюков 24 соққыны қайтарды. Бұл «Ақтөбе» командасының маусымдағы үшінші жеңісі болды.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)
0:1 - 15:35 - Крутенков (Ковзалов, Кандаков)
1:1 - 45:51 - Аипов (Комаров, Александров) ГБ
2:1 - 54:20 - Аипов (Хоменко, Александров) ГБ
Қақпашылар: Костюков - Шефер
«Алматы» матчтың бастапқы бөлігін сәтті өткізіп, «Горняктан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Алаң иелерінің жеңісіне дубль авторы атанған Евгений Рымарев елеулі үлес қосты. Вячеслав Литовченко мен Иван Петраков үш ұпайдан жинады (екеуі де 1+2).
«Алматы» - «Горняк» 5:2 (3:0, 0:1, 2:1)
1:0 - 13:31 - Рымарев (Двуреченский, Петраков)
2:0 - 17:05 - Корчагин (Литовченко, Бурделёв)
3:0 - 19:51 - Рымарев ШБ
3:1 - 37:27 - Катков (Манажанов, Горожанинов) ГБ
3:2 - 47:49 - Катков (Ляпунов, Горожанинов) ГБ
4:2 - 53:22 - Петраков (Ольшанский, Литовченко) ГБ
5:2 - 54:40 - Литовченко (Петраков, Ольшанский) ГБ
Қақпашылар: Шпилев (Павлов, 40:00-60:00) - Никитин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Gornyak