Арлан жеке-дара екінші орынға көтерілді, Сарыарқа қарымта қайтарды

7 qazan
143

Петропавл мен Рудныйда өткен Қазақстан чемпионатының матчтарына шолу жасаймыз.

«Құлагер» мен «Арлан» арасындағы қарымта кездесу де алғашқы ойынмен бірдей есеппен аяқталды. Қонақтарға жеңіс әкелген шайбаның авторы Алексей Пузанов атанды. Вячеслав Коротин (1+3) командасының барлық нәтижелі шабуылына қатысты. Петропавлдағы сәтті сапардан кейін «Арлан» турнирлік кестеде жеке-дара екінші орынға көтерілді.

«Құлагер» - «Арлан» 3:4 (0:1, 0:1, 3:2)

0:1 - 00:15 - Захаров (Басов, Коротин)

0:2 - 37:20 - Санников (Захаров, Коротин)

0:3 - 42:46 - Коротин (Захаров, Санников)

1:3 - 48:00 - Маркабаев (Гопиенко, Борисов) ГБ

1:4 - 50:17 - Пузанов (Санников, Коротин)

2:4 - 57:15 - Борисов (Анисимов) ГБ

3:4 - 59:12 - Анисимов

Қақпашылар: Янков - Истомин

«Сарыарқа» Рудныйдағы кешегі жеңілістен тиісті қорытынды шығарып, бүгін сенімді түрде қарымта қайтарды. Қарағандылықтар сапында Владислав Дюкарев дубль жасады. Данил Кадочников қақпаға бағытталған 17 соққыны қайтарды.

«Горняк» - «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 - 03:16 - Дюкарев (Лихотников, Карабань)

0:2 - 26:08 - Королинский (Наместников)

0:3 - 32:16 - Дюкарев (Лихотников)

1:3 - 40:53 - Платонов (Канкин)

1:4 - 59:25 - Смольянинов (Никулин, Наместников)

Қақпашылар: Никитин - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.