Өскемендегі буллиттер сериясы, «Бейбарыстың» үшінші жеңісі, «Ақтөбенің» алғашқы табысы

7 qazan
141

Өскемен, Атырау және Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатының матчтарына шолу жасаймыз.

«Торпедо» мен «Номад» арасындағы кездесуде жеңімпазды анықтау үшін тағы да негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Бүгін жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталып, елордалық хоккейшілер мергендігімен көзге түсті. Шешуші шайбаның авторы тағы да Батырлан Мұратов атанды. Владислав Нурек қақпаға бағытталған 44 соққыны қайтарды. «Көшпенділер» жеңісті сериясын қатарынан 13 матчқа дейін ұзартты.

«Торпедо» - «Номад» 2:3 Б (0:0, 1:2, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 24:57 - Гусейнов (Гатиятов, Бутенко) ГБ

1:1 - 26:16 - Бойко (Мұратов)

1:2 - 31:16 - Әлібек (Шульга, Никитин)

2:2 - 42:34 - Мухаметов (Жирнов, Прохоров)

2:3 - 65:00 - Мұратов ПБ

Қақпашылар: Кудрявцев - Нурек

«Бейбарыс» өз айдынында «Алматыны» жеңіп, жеңілістер сериясын тоқтатты. Юсуп Асуханов пен Анатолий Шишов оңтүстік астанадан келген қонақтардың қақпасына екі шайбадан соқты. Роман Шефер 34 соққыны қайтарды.

«Бейбарыс» - «Алматы» 5:3 (3:0, 0:2, 2:1)

1:0 - 04:02 - Асуханов (Гусев, Еркинов)

2:0 - 06:42 - Шишов (Коваленко, Гусейнов) ГБ

3:0 - 17:40 - Гасников (Білімбаев, Асуханов)

3:1 - 27:00 - Рымарев

3:2 - 35:06 - Петраков (Рымарев, Ольшанский) ГБ

4:2 - 54:19 - Асуханов (Гасников, Гусев)

4:3 - 56:59 - Атаханов (Гафаров)

5:3 - 58:23 - Шишов (Ананичев, Саввин)

Қақпашылар: Шефер - Осипов

Турнирлік кестенің төменгі бөлігіндегі командалар арасындағы тартыста «Ақтөбе» басым түсіп, биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қонақтар сапында Станислав Александров дубль жасады, ал Галиаскар Аипов (1+2) батысқазақстандықтардың үш нәтижелі шабуылына қатысты.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 2:5 (0:1, 0:2, 2:2)

0:1 - 18:44 - Базанов (Комаров, Аипов) ГБ

0:2 - 27:14 - Александров (Плотников, Захаров)

0:3 - 39:08 - Аипов (Хоменко)

0:4 - 42:01 - Александров (Плотников, Захаров)

1:4 - 43:47 - Пидяшов (Мальцев, Гулый)

1:5 - 47:19 - Хоменко (Базанов, Аипов)

2:5 - 49:11 - Евлоев (Завьялов, Лигай)

Қақпашылар: Какенов - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.