Рудный, Көкшетау және Алматыда өтіп жатқан Қазақстан хоккей чемпионатының матчтарын бақылаймыз.
«Горняк» «Бейбарысқа» тағы да мүмкіндік бермей, биылғы чемпионаттағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Оскар Юлбарисов қарсылас қақпасына екі шайба соқса, Валерий Гурин төрт нәтижелі пас берді. Рудныйлықтар лиганың үздік үштігіне ену үшін күреске қосылды.
«Горняк» - «Бейбарыс» 5:1 (1:1, 0:0, 4:0)
0:1 - 03:12 - Шишов (Гусейнов, Ананичев)
1:1 - 17:02 - Шингареев (Гурин, Юлбарисов)
2:1 - 41:33 - Юлбарисов (Гурин, Пархоменко)
3:1 - 45:23 - Юлбарисов (Гурин, Куршук)
4:1 - 53:21 - Лазарев (Гурин, Пархоменко) ГБ
5:1 - 57:36 - Утебаев (Канкин) ГБ
Қақпашылар: Никитин - Шефер
«Арлан» «Ертістен» тағы да басым түсті, алайда қарсыласына әр кезеңде бір шайбадан соғуға мүмкіндік берді. Жеңіс шайбасының авторы Әли Қасенов атанды. Леонид Беляев көкшетаулықтардың үш нәтижелі шабуылына қатысты (1+2). Павлодарлықтар сапында Арлан Ақпырғанов (1+2) кездесудің ең нәтижелі ойыншысы болды.
«Арлан» - «Ертіс» 5:3 (3:1, 1:1, 1:1)
1:0 - 01:24 - Беляев
2:0 - 06:54 - Кисель (Шапоров, Ищенко)
2:1 - 16:19 - Пак (Акпирганов) ГБ
3:1 - 18:13 - Тарасенко (Денисов)
4:1 - 20:58 - Касенов (Беляев, Бейсембиев)
4:2 - 39:28 - Акпирганов (Гулый)
5:2 - 48:20 - Шапоров (Роев, Беляев)
5:3 - 56:23 - Гулый (Анцельм, Акпирганов)
Қақпашылар: Ершов - Какенов
«Құлагер» тартысты кездесуде «Алматыдан» жеңісті жұлып алды. Матчтың шешуші сәті финалдық сиренаға үш жарым минут қалғанда болды — Дмитрий Исмагилов сан басымдығын сәтті пайдаланды. 12 матчтан кейін 19 ұпай жинаған петропавлдықтар да чемпионаттың үздік үштігіне ену үшін күресіп келеді.
«Алматы» - «Құлагер» 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)
1:0 - 03:48 - Петраков (Ольшанский, Литовченко) ГБ
1:1 - 34:51 - Боровков (Анисимов)
1:2 - 56:29 - Исмагилов (Воробьёв, Гребенщиков) ГБ
Қақпашылар: Шпилев - Янков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa