Номад қарсыластарын шаң қаптырды, Торпедо Ақтөбеден 4 ұпаймен оралды

28 qyrkúıek
24

Астана мен Ақтөбеде өтіп жатқан Қазақстан хоккей чемпионатының матчтарын бақылаймыз.

«Сарыарқа» сырт алаңда «Номадқа» қарсы кездесуде ұпай еншілей алмады. Данила Карабань сан басымдығында соққан шайбаға «көшпенділер» Абзал Әлібек, Александр Макаров, Темирлан Китаров және Артём Королёвтың дәл соққыларымен жауап берді. Батырлан Мұратов серіктестеріне екі рет нәтижелі пас берсе, Владислав Нурек 26 сейв жасады. Осылайша, Константин Пушкарёвтың шәкірттері қыркүйектегі 12 матчтың 11-інде жеңіске жетіп, лиганың турнир кестесін сенімді түрде бастап тұр.

«Номад» - «Сарыарқа» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 - 11:38 - Алибек (Бойко, Муратов)

2:0 - 26:32 - Макаров (Алибек, Муратов)

2:1 - 37:14 - Карабань (Лихотников, Преснов) ГБ

3:1 - 50:56 - Китаров (Мангисбаев, Мигунов)

4:1 - 52:58 - Королёв (Китаров, Шульга)

Қақпашылар: Нурек - Кадочников

«Ақтөбе» «Торпедоның» шабуыл қарқынына төтеп бере алмай, биылғы маусымдағы 12-жеңілісіне ұшырады. Қонақтар сапында тәжірибелі Михаил Рахманов дубль жасады. Ал өскемендіктер чемпионатта 50 шайба межесіне жеткен лигадағы екінші команда атанды.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 2:6 (0:3, 1:2, 1:1)

0:1 - 15:45 - Алдабергенов (Александров, Гренц)

0:2 - 16:32 - Прохоров (Рыжий, Рахманов)

0:3 - 17:17 - Рахманов (Данияр, Гатиятов) ГБ

0:4 - 25:52 - Рифель (Глухих, Прохоров)

1:4 - 25:59 - Захаров

1:5 - 39:05 - Рахманов (Гусейнов, Гатиятов) ГБ

1:6 - 41:29 - Жирнов (Гавриленко, Рыжий)

2:6 - 46:46 - Хоменко (Базанов, Козорез) ГБ

Қақпашылар: Шарипов - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.