Арланның қарымтасы, Шингареевтің хет-тригі Горнякқа үздік төрттікке енуге көмектесті

3 qazan
231

Сенбі күні Pro Ligasy-нда екі матч өтеді.

«Арлан» «Алматыдан» қарымта қайтару үшін көп тер төгіп, чемпионат көшбасшыларының үштігіне қайта оралды. Көкшетаулықтар үшін бұл маусымдағы оныншы жеңіс болды. Жеңіс шайбасын Богдан Нестеренко соқты. Оңтүстік астана командасының қақпашысы Никита Осиповтың тамаша ойынын да атап өткен жөн: ол қақпаға бағытталған 46 соққыны қайтарды. Алайда бұл оның командасына аталған матчта ұпай еншілеуге көмектесе алмады.

«Арлан» - «Алматы» 3:2 (1:2, 2:0, 0:0)

1:0 - 04:01 - Ищенко (Роев)

1:1 - 16:53 - Петраков (Литовченко, Двуреченский) ГБ

1:2 - 17:12 - Сапарбек (Атаханов)

2:2 - 32:04 - Захаров (Санников, Пузанов)

3:2 - 35:55 - Нестеренко (Залевский, Ищенко)

Қақпашылар: Каратаев - Осипов

«Горняк» «Ақтөбеге» тағы да мүмкіндік бермей, қарсыласының жеңіліс сериясын қатарынан 14 матчқа жеткізді. Кездесудің басты қаһарманы рудныйлықтардың шабуылшысы Тимур Шингареев болды: ол хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. Валерий Гуриннің еншісінде 3 (1+2) ұпай. Алаң иелерінің қақпашысы Владимир Никитин 26 сейв жасады. Қонақтар сапында Захар Захаров абырой шайбасын соқты.

«Горняк» - «Ақтөбе» 7:1 (2:0, 3:0, 2:1)

1:0 - 07:34 - Мозжерин (Пархоменко, Платонов)

2:0 - 11:28 - Гурин (Шингареев, Куршук)

3:0 - 25:08 - Катков

4:0 - 27:55 - Шингареев (Никитин, Гурин)

5:0 - 38:21 - Шингареев (Гурин, Юлбарисов) ГБ

5:1 - 47:32 - Захаров (Шпак, Трибунский)

6:1 - 54:24 - Кротов (Куршук, Платонов)

7:1 - 58:35 - Шингареев (Кротов, Лазарев) ГБ

Қақпашылар: Никитин - Дубович (Шарипов, 27:55-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.