Елордадағы буллиттер, «Бейбарыстың» қатарынан сегізінші жеңілісі, Горняк Ақтөбенің қарсылығын бұзды

2 qazan
602

Астана, Атырау және Рудный қалаларында өткен Pro Ligasy матчтарын бақылайық.

«Номад» пен «Құлагердің» екінші кездесуі тек буллиттер сериясында аяқталды. Бұл серияда елордалық хоккейшілер дәлдік танытты. Жеңісті соққының авторы Асанали Саркенов атанды. Сонымен қатар ол тағы 2 нәтижелі пас берді. «Көшпенділер» жеңісті матчтар сериясын 11 ойынға дейін жеткізді.

«Номад» - «Құлагер» 5:4 Б (1:0, 2:2, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 15:44 - Русланұлы (Цыбин, Сәркенов)

1:1 - 21:45 - Шагаев (Попитич, Воробьёв) ГБ

2:1 - 24:47 - Цыбин (Саркенов, Шакшакбаев) ГБ

2:2 - 35:30 - Воробьёв (Попитич)

3:2 - 35:49 - Никитин (Бойко, Бейсембаев) ГБ

3:3 - 43:26 - Марқабаев (Анисимов, Борисов) ГБ

4:3 - 51:52 - Китаров (Никитин)

4:4 - 54:00 - Борисов (Анисимов)

5:4 - 65:00 - Саркенов ПБ

Қақпашылар: Дударкиев - Дубинскас

«Торпедо» «Бейбарысты» қатарынан сегізінші жеңілісіне ұшыратты. Үшінші кезең басталғанға дейін атыраулықтардың қақпасына сегіз шайба соғылып үлгерді, бұл ойынның одан арғы барысын айқындап берді. Павел Жирнов пен Степан Рифель алаң иелерінің қақпасын екі реттен дәл көздеді. Өскемендіктер турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап, «Номадты» өкшелеп қуып келе жатыр.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:9 (1:4, 1:4, 0:1)

0:1 - 03:32 - Гусейнов (Данияр, Гатиятов)

0:2 - 12:21 - Жирнов (Хорошев, Алдабергенов) ГБ

1:2 - 14:21 - Ананичев (Шишов, Гусейнов)

1:3 - 15:35 - Хорошев (Гренц, Алдабергенов) ГБ

1:4 - 16:37 - Рифель (Колобов, Глухих)

2:4 - 24:30 - Дорофеев (Коваленко) ГБ

2:5 - 28:33 - Жирнов (Кудрявцев, Гавриленко)

2:6 - 32:09 - Рифель (Сағымбаев, Колобов)

2:7 - 36:21 - Рахманов (Гатиятов, Данияр)

2:8 - 37:46 - Боровиков (Рахманов, Жирнов)

2:9 - 49:18 - Быков (Гавриленко, Сағымбаев)

Қақпашылар: Байдек (Микушин, 15:35-37:46) - Кудрявцев

«Горняк» «Ақтөбеге» қарсы өз алаңындағы алғашқы кездесуінде әр кезеңде бір шайбадан соғып, қорғаныста да сенімді ойын көрсетті. Андрей Яковлев пен Дмитрий Стуловтың дәл соққылары, сондай-ақ Александр Куршуктің көпшілікте соққан шайбасы мен Тимур Мейдердің 19 сейві рудныйлықтарға жеңіс әкелді. Осылайша «Горняк» көшбасшылар үштігіне бір ұпайға жақындады.

«Горняк» - «Ақтөбе» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 - 09:36 - Яковлев (Горожанинов, Кротов)

1:1 - 18:26 - Базанов (Киселёв, Александров) ГБ

2:1 - 27:56 - Стулов (Куршук, Гурин)

3:1 - 42:57 - Куршук (Стулов, Шингареев) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Костюков (Шарипов, 53:27-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.