Алғашқы ойын айының қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатындағы командалардың турнир кестесіндегі жағдайына шолу жасаймыз.
Елдің қазіргі чемпионы «Номад» Кубоктегі сәтсіз өнерінен кейін тұрақты чемпионатты жақсы бастап, мүмкін болған 24 ұпайдың 23-ін жинады. «Көшпенділер» тек бір рет овертаймда жеңілді. Сондай-ақ олар 62 шайбамен лигадағы ең жоғары нәтижелілікті көрсетіп отыр.
Үздік үштікте географиялық көршілер «Арлан» мен «Құлагер» де бар. Екі команда да бірдей ұпай жинаған – әрқайсысының еншісінде 19 ұпайдан.
Өткен маусымның финалисі «Сарыарқа» мүмкін болған ұпайлардың небәрі 62,5%-ын жинап, әзірге үздік бестіктен тыс тұр. Дегенмен үздік үштіктен бар болғаны 4 ұпайға қалып келеді.
«Ақтөбе» мен «Ертіс» әзірге өз ойын өрнектерін таба алмай жүр. Екі ұжым да жаңа айға қатарынан 12 жеңіліс сериясымен және қоржынындағы жалғыз ұпаймен аяқ басты.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa