Номад Құлагерді жеңді, Торпедо мен Сарыарқаның кезекті жеңістері

1 qazan
452

Қазақстан хоккей чемпионатындағы қазан айы үш матчпен басталды.

Маусымның уақытша көшбасшысы «Номад» жеңісті сериясын жалғастырып, өз айдынында «Құлагерден» басым түсті. «Көшпенділер» сапында Pro Ligasy-ндағы дебюттік кездесуін өткізген Асанәлі Сәркенов дубль жасады. Хақназар Кеңесбай мен Әділ Бейсембаев тағы бір-бір шайбадан соқты. Қонақтар сапында Арсений Борисов абырой шайбасын соқты.

«Номад» – «Құлагер» 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)

1:0 – 07:30 – Кеңесбай (Русланұлы, Цыбин)

2:0 – 10:15 – Саркенов (Русланұлы, Цыбин)

2:1 – 29:07 – Борисов (Исмагилов, Гопиенко)

3:1 – 33:32 – Саркенов (Шульга, Двуреченский) ГБ

4:1 – 49:33 – Бейсембаев (Никитин, Маңғысбаев) ГБ

Қақпашылар: Шестаков (Лыткин, 52:54–60:00) – Янков

«Торпедо» тартысты кездесуде «Бейбарысты» жеңді. Жеңіс шайбасының авторы Дмитрий Гренц атанды. Атыраулықтар үшін бұл осы маусымдағы 11-ші жеңіліс болды.

«Бейбарыс» – «Торпедо» 3:4 (1:1, 0:1, 2:2)

1:0 – 06:19 – Асуханов (Гасников, Гусев)

1:1 – 07:16 – Рифель (Сағымбаев, Глухих)

1:2 – 24:05 – Бутенко (Ғатиятов)

1:3 – 43:59 – Жирнов (Прохоров, Рахманов)

2:3 – 45:42 – Шишов (Коваленко, Ананичев) ГБ

2:4 – 46:07 – Гренц (Алдабергенов, Колобов)

3:4 – 54:51 – Гусев (Асуханов, Дорофеев)

Қақпашылар: Микушин – Кудрявцев

«Сарыарқа» «Ертіске» еш мүмкіндік қалдырмады. Бүгін павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз сегіз шайба соғылды. Қарағандылықтар сапында Владислав Никулин дубль жасады. Жакен Ибрагимов 15 дәл соққыны қайтарып, матчты қақпасына гол жібермей аяқтады.

«Сарыарқа» – «Ертіс» 8:0 (2:0, 4:0, 2:0)

1:0 – 02:04 – Никулин (Михайлов) ГБ

2:0 – 06:41 – Дёмин (Пальмтаг, Хрипков)

3:0 – 21:13 – Волков ГМ

4:0 – 24:40 – Борисевич (Никулин, Волков)

5:0 – 36:01 – Карабань (Дюкарев, Лихотников)

6:0 – 36:52 – Никулин (Борисевич)

7:0 – 53:55 – Лихотников (Михайлов)

8:0 – 59:56 – Божко (Смольянинов, Дёмин)

Қақпашылар: Ибрагимов – Какенов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.