ҚР Кубогының үшінші ойын күніне шолу

29 qańtar
1247

«Теміртау» турнирдің финалдық кезеңіне өту мүмкіндігінен айрылды. «Ақтөбе» «Ертіске» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Алматы» «Горнякпен» тартыста ойсырата жеңді.

«Арлан» «Теміртаумен» матчта қорғаныста мықты ойнады. Металлургтар қаласынан келген ұжым қарсыластың қақпасын ала алмай, Кубок жолындағы кезекті жорығын топтық кезеңнен тоқтатты.

Матчтың үздік ойыншылары Айдар Құсайын мен Антон Кошелев болды.

«Теміртау» – «Арлан» 0:3 (0:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 00:47 – Ермолаев (Евграфов)

0:2 – 13:49 – Раенко (Куликов, Ханьжин)

0:3 – 46:39 – Гребенщиков (Маркелов, Бердников В)

Қақпашылар: Еремеев – Румянцев

«Ақтөбе» «Ертіспен» кездесуде қақпасына шайба жуытпады. Иван Зинченко өзінің нәтижелі сериясын жалғастырды. Павлодарлықтар бұл жеңілістен кейін Кубоктың финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігі үшін күресе алмайды. Матчтың үздік ойыншылары Рүстем Айдаш пен «құрғақ» жеңіске жеткізген Дмитрий Мальгин болды.

«Ақтөбе» – «Ертіс» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 – 41:04 – Зинченко (Егоров, Скатов)

2:0 – 49:00 – Тесленко (Скворцов)

Қақпашылар: Мальгин – Микушин

«Алматы» «Горнякты» ойсырата жеңіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігіне ие болды. Никита Баженов тағы да дубль жасап, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Рудныйлықтар құрамынан Александр Катков үздік атанды.

«Горняк» – «Алматы» 2:8 (1:2, 1:3, 0:3)

0:1 – 10:14 – Щукин (Ипатов, Спиридонов)

1:1 – 13:29 – Кротов (Коваленко, Власов) ГБ

1:2 – 19:16 – Бельгибаев (Борисов, Бурделев)

1:3 – 22:08 – Баженов (Моренец, Волков)

2:3 – 27:36 – Куршук (Коваленко, Кротов) ГБ

2:4 – 30:56 – Спиридонов (Ипатов)

2:5 – 33:49 – Чемерилов (Ипатов, Спиридонов) ГБ

2:6 – 47:57 – Моренец (Баженов, Волков) ГБ

2:7 – 48:29 – Ковзалов (Бурделев, Борисов)

2:8 – 57:27 – Баженов (Моренец, Волков)

Қақпашылар: Нечвиенко (Скрынников, 20:00 – 48:29) – Грязнов (Шалманов, 51:50-60:00)