«Құлагердің» топтан суырылып шығатын түрі бар. «Торпедо» өзінің бір клубтағы ұяластарымен матчта ұпай жоғалтпады. «Сарыарқа» «Бейбарысты» сенімді түрде жеңді.
Петропавлдықтар бірінші кезеңде-ақ «Номадтың» қақпасына үш жауапсыз шайба аттандырды. Ары қарай олардың үстемдігі арта түсті. Елордалық ұжым құрғақ жеңілістен құтылып кетті, алайда бұл көңілді көншіте қоюы екіталай. Себебі Александр Высоцкийдің ұжымы турнирдің финалдық кезеңіне шығатын барлық мүмкіндікті жіберіп алды.
Матчтың үздік ойыншылары хет-трик жасаған Евгений Попитич және Артём Бакушин болды.
«Құлагер» – «Номад» 6:1 (3:0, 2:1, 1:0)
1:0 – 03:33 – Исмагилов (Ахметов)
2:0 – 09:25 – Попитич (Хорошев, Первухин)
3:0 – 19:52 – Попитич (Логинов)
3:1 – 28:42 – Пархоменко (Ибрайбеков, Зубов) ГБ
4:1 – 30:59 – Вишняков (Шерстюков,Власов)
5:1 – 39:50 – Логинов (Первухин, Попитич)
6:1 – 44:44 – Попитич (Хорошев) ГМ
Қақпашылар: Янков – Амирбеков
«Алтай Торпедо» екінші кезеңнің басында өзінің бір клубтағы ұяластарының қақпасын ашып алды. Алайда ары қарай тек Олег Болякиннің ойыншылары салып отырды. Артём Лихотников хет-трик жасап, «Торпедо» құрамындағы үздік ойыншы атанды. «Алтай Торпедодан» Антон Осокин үздік атанды.
«Алтай Торпедо» – «Торпедо» 1:5 (0:0, 1:2, 0:3)
1:0 – 23:31 – Хоменко (Богданов, Каиров)
1:1 – 33:42 – Лихотников (Шин)
1:2 – 39:54 – Лихотников (Стулов, Гренц)
1:3 – 43:01 – Сироткин (Угольников, Гренц)
1:4 – 43:47 – Ершов В. (Савицкий, Михайлов)
1:5 – 55:14 – Лихотников (Гренц, Кузнецов)
Қақпашылар: Осокин – Сидоров (Ершов М., 55:19 – 60:00)
«Бейбарыс» «Сарыарқаның» тегеурініне төтеп бере алмады. Қарағандылықтар әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан жасап, бұған атыраулықтар тек бір шайбамен жауап берді.
Кездесудің үздік ойыншылары дубль жасаған Александр Борисевич және Александр Ананичев болды.
«Бейбарыс» – «Сарыарқа» 1:6 (0:2, 1:2, 0:2)
0:1 – 01:12 – Борисевич (Голоднюк)
0:2 – 03:38 – Никулин
0:3 – 24:35 – Борисевич (Анохин, Голоднюк)
0:4 – 28:06 – Анохин (Грымзин, Голоднюк)
1:4 – 28:31 – Ананичев Ал. (Лоншаков, Ананичев Ар.)
1:5 – 45:36 – Голоднюк (Борисевич, Грымзин)
1:6 – 51:38 – Голоднюк (Борисевич)
Қақпашылар: Иванов – Бояркин