ҚР Кубогының бірінші ойын күніне шолу

27 qańtar
1694

«Ақтөбе» Париматч – Хоккейден 2021 жылғы Қазақстан Кубогы аясында жеңіске жеткен алғашқы ұжым атанды. «Құлагер» мен «Теміртау» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. «Горняк» турнирді «Бейбарысқа» қарсы ойындағы жеңістен бастады. «Торпедо» «Ертістің» арынын басты. «Арлан» «Номадты» жеңу үшін біршама тек төкті. «Сарыарқа» «Алматымен» ойында жеңіске жетті.

«Құлагер» «Теміртаумен» матч барысында екі шайба артта қалып келе жатты. Алайда петропавлдықтар есе қайтарып қана қоймай, буллиттер сериясында жеңісті жұлып әкетті. Жеңіс сыйлаған соққы Альберт Гатинке тиесілі.

Командалар құрамынан матчтың үздік ойыншылары Филипп Святына мен Роман Бычков болды.

«Құлагер» – «Теміртау» 4:3 Б (1:1, 2:2, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 09:42 – Жорабек (Пальмтаг)

1:1 – 13:58 – Святына (Нуриев, Ильин)

1:2 – 20:34 – Михнин (Колесников, Дёмин)

1:3 – 29:54 – Дёмин (Нероев, Бычков)

2:3 – 30:37 – Мисюль (Святына)

3:3 – 35:41 – Грищенко (Ахметов, Стасюк)

4:3 – 65:00 – Гатин ПБ

Қақпашылар: Хозяшев – Селивёрстов

«Алтай Торпедо» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесудің басты қаһарманы дубль жасаған батыс-қазақстандық ұжымның жас шабуылшысы Станислав Зинченко болды. Номиналды қонақтар сенімді түрде жеңіске жетіп, күндізгі сессияда ойнаған командалар арасынан алғашқы болып, толыққанды үш ұпай жинады.

Матчтың үздік ойыншылары Эрик Алдабергенов пен Иван Зинченко болды.

«Алтай Торпедо» – «Ақтөбе» 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)

1:0 – 09:08 – Хоменко (Богачонок, Караваев) ГБ

1:1 – 13:59 – Митряков (Скатов, Егоров) ГБ

1:2 – 23:37 – Зинченко (Митряков) ГБ

1:3 – 40:20 – Зинченко

1:4 – 53:54 – Скатов (Митряков, Зинченко)

Қақпашылар: Нурек– Мальгин

«Горняк» та «Бейбарыспен» кездесуде қуып жетумен болды. Атыраулықтар нәтижесінде үстемдігін сақтап қала алмады. Ойын буллиттер сериясына өтіп, бұл тұста рудныйлық команда мықтырақ болып шықты. Жеңіс сыйлаған шайба дубль жасаған Юрий Муравьёвке тиесілі.

Кездесудің үздік ойыншылары Илья Рыжий мен Александр Куршук болды.

«Бейбарыс» – «Горняк» 4:5 Б (2:1, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 03:39 – Боровков (Петров, Савенков) ГБ

1:1 – 05:31 – Муравьёв (Кумов, Ахметвалиев)

2:1 – 13:50 – Рыжий (Закарлюкин) ГБ

3:1 – 22:22 – Васильев (Григоркевич) ГМ

3:2 – 22:59 – Коваленко (Власов)

3:3 – 31:54 – Кротов (Кумов)

4:3 – 48:19 – Лоншаков (Рыжий, Севостьянов)

4:4 – 53:43 – Власов (Воронин, Бархаткин)

4:5 – 65:00 – Муравьёв ПБ

Қақпашылар: Базарбеков – Акулинин

«Ертіс» Кубок үшін күрестегі фавориттердің бірі «Торпедоға» соққыны үйді. Дегенмен соңғы кезеңде өскемендіктер тегеурінді қарсыластың арынын басты. Шешуші соққы Артём Лихотниковке тиесілі.

Кездесудің үздік ойыншылары Артём Микушин мен Александр Шин болды.

«Ертіс» – «Торпедо» 3:4 (1:2, 2:1, 0:1)

0:1 – 01:48 – Шин (Сироткин)

1:1 – 04:22 – Марушев (Киселёв, Пак)

1:2 – 11:47 – Угольников (Савицкий, Шин) ГБ

2:2 – 22:01 – Клепко (Игнатенко)

2:3 – 30:09 – Айдаш (Габдуллин, Хасенов)

3:3 – 34:00 – Кучин (Угольников, Савицкий)

3:4 – 51:46 – Лихотников (Виноградов, Гренц)

Қақпашылар: Микушин – Сидоров

«Арлан» мен «Номадтың» матчындағы негізгі оқиғалар үшінші кезеңде орын алды. Көкшетаулықтар бір минуттан аз уақыт ішінде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Ары қарай елордалық ұжым ойынды овертаймға айналдыруға жақын қалды. Дегенмен, «бөрілер» өз дегендерінде тұрды.

Матчтың үздік ойыншылары Никита Жуков пен Тамирлан Гайтамиров болды.

«Арлан» – «Номад» 3:2 (0:1, 1:0, 2:1)

0:1 – 09:38 – Пархоменко (Зубов, Муратов)

1:1 – 20:25 – Жиляков (Евграфов)

2:1 – 47:35 – Жуков

3:1 – 48:17 – Куликов (Ханьжин, Бердников Р.)

3:2 – 55:46 – Гайтамиров (Мухаметов, Александров)

Қақпашылар: Румянцев – Амирбеков

«Сарыарқа» «Алматымен» матчта көп тер төкті. Бұл ойын да буллиттер сериясымен аяқталды. Матчтың үздік ойыншылары дубль жасаған Никита Баженов пен Сергей Голоднюк болды.

«Алматы» – «Сарыарқа» 2:3 Б (2:1, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 06:14 – Баженов (Яхонт, Моренец)

2:0 – 17:07 – Баженов (Щукин)

2:1 – 18:36 – Сиксна (Михайлов) ГБ

2:2 – 24:48 – Голоднюк (Грымзин, Борисевич)

2:3 – 65:00 – Голоднюк ПБ

Қақпашылар: Полуэктов – Бояркин

Париматч – Қазақстан Кубогы матчтарының кестесімен осы жерде танысуға болады.

Париматч – Қазақстан Кубогының ағымдағы турнир тізімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді.