Pro Hokei Ligasy кезекті маусымындағы командалардың өнерін қорытындылауды жалғастырамыз. Бүгін сөз «Горняк» командасы туралы болмақ.
Нәтижелер
«Горняк» чемпионатты өзіне тән деңгейде өткізді. Соңғы жылдары команда плей-оффқа сенімді түрде жолдама алып жүрген, таразы басын тең ұстайтын мықты ұжым ретінде қалыптасты. Алайда рудныйлықтарға ширек финал кедергісін еңсеру әлі де қиын болып тұр. Бұл маусымда олар «Сарыарқаға» қарсы серияда 1:4 есебімен жеңілді. Әрине, бұл нәтижеге «Горняктың» құрамында чемпионаттың үздік бомбардирі Валерий Гуриннің болмауы да айтарлықтай әсер етті. Дегенмен жалпы алғанда, бұл текетіресте қарағандылықтар қарсыласқа қарағанда көбірек дайын болғаны байқалды.

Оқиғалар
«Горняктың» негізгі үштігі феноменальды маусым өткізіп, лигадағы ең нәтижелі звено атанды, бірақ ол туралы төменірек айтылады.
Команда үшін шешуші сәт қаңтардың соңы мен ақпанның басындағы жеңісті кезең болды. Дәл осы аралықта Сергей Невструевтің шәкірттері плей-офф кезеңіне жолдама алуды қамтамасыз етті. Бір айға жетпейтін уақытта «Горняк» 12 матчтың 11-інде жеңіске жетіп, тек бір ойында ғана ел чемпионы атанған «Номадқа» есе жіберді.
Көшбасшылар
Оскар Юлбарисов – Евгений Степанов – Валерий Гурин звеносы 75 шайба соғып, өз командасының барлық голдарының 42,6%-ын қамтамасыз етті және жалпы 217 ұпай жинап, фантастикалық нәтиже көрсетті. Юлбарисов сонымен қатар тұрақты чемпионаттың ең үздік ассистенті атанды (52 нәтижелі пас). Ал Гурин өз бомбардирлік рекордын 20-дан астам ұпайға жаңартып, 32+44 көрсеткішіне қол жеткізді.
Жақсы маусым өткізген ойыншылардың бірі қақпашы Владислав Нурек те болды. Ол алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып, тіпті әлем чемпионатына үшінші қақпашы ретінде қатысып қайтты.

Цитата
– Команда көшбасшылары керемет деңгей көрсетті, олар мүмкін болғанынша ұжымды өздері алға сүйреді. Сондықтан лига статистикасы да соны көрсетіп тұр: чемпионаттың үш үздік ойыншысы біздің клубтан, бірақ біз тек алтыншы орынмен аяқтадық, – деді «Горняктың» бас бапкері Сергей Невструев. – Өкінішке қарай, көшбасшылардың артында оларға ішкі бәсекелестік тудыра алатын ойыншылар жеткіліксіз болды. Қаңтар мен ақпан айларында біз кез келген қарсыласпен тең дәрежеде ойнап, тіпті оларды сапалы ойын есебінен жеңе алатынымызды сезінген, көзі оттай жанған команданы көрдік. Мұндай сәттерде нәтиже кейде екінші орынға ығысады, бірақ ұзақ мерзімді табысты әкелетін нәрсе – тұрақтылық.
Қорытынды
«Горняк» тұрақты чемпионаттың соңына қарай деңгейін көтере алған санаулы командалардың қатарына кірді. Алайда бұл жолы да команда өз мүмкіндігінен жоғары секіріп, жүлделер үшін таласа алмады. Бірінші раундтан өту үшін рудныйлықтарға сапалы күшейту қажет, сондықтан клуб басшылығын жазда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Әсіресе Евгений Степановтың мансабын басқа ұжымда жалғастыратынын ескерсек, бұл міндет одан сайын өзекті бола түседі.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager