Pro Ligasy клубтары жаңа маусым қарсаңында құрамдарын жасақтауды жалғастыруда.
«Бейбарыс» қорғаушы Даниил Миллерді (өткен маусымда 17 матчта 2 гол) және тәжірибелі шабуылшы Артём Ананичевті өз қатарында сақтап қалды. Ананичев Атыраудағы алтыншы маусымын өткізгелі отыр. Өткен чемпионатта ол 10 шайба соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Батысқазақстандық клубтың жаңа ойыншысы шабуылшы Максим Карпов болды. Ол бұған дейін «Арлан» сапында өнер көрсетіп, өткен маусымда 46 матчта 2 гол соғып, 7 нәтижелі паспен көзге түскен (2+7). Ал кері бағытта, Көкшетауға шабуылшы Данила Пиниди жалға аттанды. Ол өткен маусымда 46 ойында 6 шайба соғып, 11 нәтижелі пас берген болатын (6+11).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager