Қаңтар айының үздік ойыншылары

27 qańtar
1376

Париматч – Қазақстан Кубогы 2021 екпін ала бастаған шақта Pro Ligasy-ның өткен кезеңін қорытындылайық. Назарларыңызға қаңтар айындағы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларын ұсынамыз.

Үздік қақпашы – Максим Грязнов («Алматы»)

Голкипер оңтүстік астаналық ұжымның сапын өткен жылдың желтоқсан айының соңында толықтырды. Бір ай ішінде Максим «Алматының» сөзсіз бірінші ойыншысына айналып, командасына орасан пайда әкелді. Қаңтар айында Грязнов барлық алты матчқа қатысып, олардың бесеуінде жеңіске жетті. Небәрі бес шайба қақпаға өтті. Қақпашы үш рет қақпасына шайба жуытпастан ойынды аяқтады. Сенімділік коэффициенті – 0,83, тойтарылған соққылар пайызы – 97,25. Владимир Князевтің командасы қаңтарды үлкен екпінмен өткізіп, чемпионаттың кубоктан үмітті сегіздігіне енді.

Үздік қорғаушы – Станислав Боровиков («Арлан»)

Тәжірибелі қорғаныс шебінің ойыншысы қаңтарда өз қоржынын нәтижелілігі үшін сегіз балмен толтырды, оның ішінде салынған екі шайба бар. «Арлан» бұл айда бес матчта жеңіске жетіп, олардың төртеуінде Боровиков ұпай жинап отырды. Жалпы алғанда, Станислав маусымды өз деңгейінде өткізуде. Ол 20 ұпайлық межеден асып кетті (7 шайба және 16 пас беру). Және бұл – аталмыш қызметтегі лига ойыншылары арасындағы үшінші нәтиже.

Үздік шабуылшы – Дмитрий Михайлов («Сарыарқа»)

Қаңтарда «Сарыарқа» форварды жеті матч бойы ұпай жинап, нәтижесінде 9 (5+4) балға ие болды және өз командасына бес рет жеңіске жетуге көмектесті. Дмитрий екі рет көпшілік құраммен көзге түсті. Михайлов Қазақстан чемпионатында 30-дан астам ұпай жинап үлгеріп, қарағандылық ұжымның үздік бомбардирі болып табылады. Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының тізімінде шабуылшы бесінші орында тұр.

Үздік жас ойыншы – Иван Зинченко («Ақтөбе»)

Шабуылшы бұл айды керемет өткізді. Қаңтарда Иван сегіз матч бойынша 10 (7+3) ұпай жинады – бұл лиганың барлық ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже. Зинченко төрт рет әр матчта екі балдан жинады. Шайба салған табысты ойындар легі бес матчқа созылды.