Андрей Спиридонов: «Бұл командада енжар адам болған жоқ»

28 sáýir
283

«Құлагердің» бас бапкері Pro Ligasy кезекті маусымындағы команданың ойынын қорытындылады.

- Андрей Владимирович, алға қойылған міндеттерді орындай алдыңыздар ма?

- Белгілі бір деңгейде, менің ойымша, орындалды. Біздің команда нөлден құрылды деуге болады: ойыншылардың 85-90%-ы жаңадан келді. Сондықтан, әрине, жеңімпаз команда қалыптастыру үшін уақыт керек. Меніңше, осы бір маусымның өзінде-ақ бізде өте жаман емес, бәсекеге қабілетті команда қалыптасты. Ол кез келген қарсыласпен және жоғары орындар үшін күресе алатынын көрсетті. Командадан тыс қалған бірде-бір хоккейші болған жоқ. Барлығы толықтай жанын салды, ең бастысы – бұл командада енжар адам болған жоқ. Ал жеңілістер бізді тек күшейте түседі. Қазір демалып, ой елегінен өткізіп, қай тұста жұмыс істеу керектігін анықтайтын уақыт бар.

- Маусымның қорытындысы бойынша ойыншылардан кім өзін ең жақсы көрсетті?

- Бізде әрқайсысы – көшбасшы. Ешкімді бөліп-жармаймын. Ойындар көрсеткендей, бұл командадағы әрбір ойыншы жауапкершілікті өз мойнына алып, алға бастай алады. Барлығы маусымды өз деңгейінде өткізді. Ал кейбір жас ойыншылар, менің ойымша, өткен маусыммен салыстырғанда тіпті өсім көрсетті. Маусым соңында, әрине, жарақаттарсыз болмады, бірақ бәрі бірдей жағдайда болды. Көптеген жігіттер жарақаттарына қарамастан мұз айдынына шығып жүрді.

- Құрамда өзгерістер бола ма және қандай позициялар күшейтуді қажет етеді?

- Әзірге ол туралы айту ерте. Басшылықпен кездесеміз, талқылаймыз. Әрине, талдау жүргіземіз, барлық ойындарды қарап шығып, ойлану қажет.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.