Ерлан Сағымбаев – Торпедоның бас менеджері, Алексей Ждахин – бас бапкер

24 sáýir
398

Өскемен клубының баспасөз қызметі негізгі команданың басшылығы мен жаттықтырушылар штабында өзгерістер болғанын хабарлады.

«Торпедо» клубының бас менеджері қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерлан Сағымбаев тағайындалды.

Команданың бас жаттықтырушысы болып Алексей Ждахин бекітілді. Ол Өскемен жанкүйерлеріне жақсы таныс маман. Оның жетекшілігімен команда Бүкілресейлік хоккей лигасы тұрақты чемпионатының жеңімпазы атанып, Братина кубогының финалына дейін жеткен.

Ал өткен Pro Ligasy маусымында «Торпедомен» бірге қола жүлдеге ие болған Андрей Корабейников жастар командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.