Сейсенбі күніне Қазақстан хоккей чемпионатында екі кездесу жоспарланған.
Өскеменде қола жүлде үшін «Торпедо» мен «Құлагер» сынға түседі. Командалар үш жеңіске дейінгі серияда қорытынды үшінші орынды анықтайды.
Кездесудің басталуы – 18:30.
Қарағандыда «Сарыарқа» финалдық серияда «Номадпен» есепті теңестіруге тырысады. Командалардың үшінші кездесуі Владимир Князев шәкірттерінің сенімді жеңісімен аяқталған болатын.
Ойынның басталуы – 19:00.
Ойындардың тікелей трансляциясы InHockey телеарнасында, сондай-ақ pro.ligasy.kz сайтында көрсетіледі.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager