Париматч – Хоккейден 2021 жылғы Қазақстан кубогының аңдатпасы

26 qańtar
1788

27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында елдің үш қаласында Париматч – Хоккейден 2021 жылғы Қазақстан чемпионаты өтеді. Алдағы турнир мүлдем басқаша болмақ, себебі биылғы маусымда қатысушылар құрамы ғана емес, сондай-ақ оны өткізу форматы да өзгерді.

Қазақстан Кубогының алғашқы ойыны 2001/02 маусымнан бастау алды. Ол тарихтағы ең ұзақ Кубок болып, 2001 жылдың 24 қазанынан бастап, 2002 жылдың 31 наурызына дейін созылды.

Қазақстан Кубогының алғашқы үш ойыны «Қазцинк-Торпедоның» жеңісімен аяқталды. Өскемендіктер бұрынғыша турнирдің рекордсмендері болып отыр. Олардың қоржынында төрт жеңіс бар (2002-2004, 2007).

2011 жылы Кубок ойындары тарихында матчтар алғаш рет екі елордалық аренада – «Қазақстан» мұз сарайы мен «Барыс» спорткешенінде өтті.

2013 жылы ойындар алғаш рет екі қалада – Көкшетау мен Теміртауда өтті. Кейінірек бұл дәстүрге айналды.

2019 жылғы Қазақстан кубогы 2013 жылдан бері алғаш рет бір ғана қала – Алматыда өтті. Матчтарды «Халық Арена» қабылдады. Кубок матчтары алғаш рет Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

Қазақстан Кубогының соңғы төрт маусымында екі ғана команда жеңіп келгенін айта кету керек. Петропавлдық «Құлагер» мен өскемендік «Алтай Торпедо» екі реттен жеңіс тұғырынан көрінді.

Париматч – Хоккейден 2021 жылғы Қазақстан чемпионаты тарихта алғаш рет үш қалада өткелі отыр.

Жеңімпаз атану үшін 12 ұжым тартысқа түседі. Биылғы маусымда турнир елдің барлық жетекші командаларының басын қосатыны қуантады, сондықтан қызу ойын болғалы тұр.

Ұзақ уақыттан бері турнирді өткізу ережесі өзгерді. Атап айтқанда, енді ақтық сынға тек өз топтарының жеңімпаздары ғана жолдама алмайды. Бұл жолы жартылай финал кезеңі қосылды.

Кубоктың барлық матчтары тікелей эфирде Интернеттегі пайдаланушыларға қолжетімді Youtube және Sportrecs платформалары арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, кейбір матчтар Qazsport ұлттық телеарнасының эфирінде көрсетіледі деп жоспарланған.

Турнир бойынша бүкіл ақпаратты (матчтардың қорытындысы бойынша статистика, ағымдағы жай-күй, бомбардирлер және т.б.) ligasy.kz сайтынан, сонымен қатар біздің әлеуметтік желілерден таба аласыздар.

PRO HOKEI LIGASY хоккейден Қазақстан чемпионатының бас демеушісі – «Parimatch» букмекерлік компаниясы да Ел кубогының дәрежелі демеушісі екенін айтып өткен жөн.

«Париматч – Қазақстан Кубогы» аясында жанкүйерлерге арнап бірқатар байқаулар мен сұрақ-жауаптар өткізіліп, олардың барысында бағалы сыйлықтар ойнатылатын болады. Жарияланымдарымызды оқып жүріңіздер, интерактивтерге қатысып, жеңімпаз атаныңыздар!