Плей-офф. 24-күн

3 sáýir
244

Астанада Pro Ligasy аясындағы «Номад» пен «Сарыарқа» командалары арасындағы финалдық текетірес жалғасады.

Серияның алғашқы ойынында командалар мұз айдынында 100 минуттан астам уақыт өткізді. Жеңімпаз тек үшінші овертаймда, қазақстандық хоккейдің ардагері Роман Старченконың соққысынан кейін анықталды. «Номад» шабуылшысы Артур Гатиятов хет-трик жасап, тамаша ойын көрсетті. Ал «Сарыарқа» сапында Евгений Королинский дубльмен көзге түсті.

Екінші матчтың басталуы «Барыс Арена» кешенінің А блогында сағат 19:00-де өтеді.

Ойынның тікелей трансляциясы InHockey телеарнасында, сондай-ақ pro.ligasy.kz сайтында көрсетіледі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.