Pro Ligasy-ның алтын медальдары үшін астаналық және қарағандылық командалар тартысқа түседі.
«Номад» (1) – «Сарыарқа» (3)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:1, 5:4, 3:2, 5:3, 2:7, 1:2.
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Артур Гатиятов пен Саян Данияр (екеуі де 8 балл, 3+5) – Эдуард Михайлов (6 балл, 2+4).
Плей-оффта нәтижелер: «Алматымен» серияда 4-3, «Құлагермен» серияда 4-1 – «Горнякпен» серияда 4-1, «Торпедомен» серияда 4-1.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 41/24 – 34/21.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Вячеслав Колесников (12 балл, 4+8) – Александр Борисевич (16 балл, 6+10)
Ағымдағы маусымдағы 6 өзара матчтың 4-еуінде «Номад» басым түсті. Алайда «Сарыарқа» Жаңа жылдан кейін өткен екі кездесуде жеңіске жетті, оның бірі «көшпенділерді» ірі есеппен ұтумен аяқталды.
Соңғы бес жылда «Номад» Қазақстан чемпионатының шешуші қарсыласуында үшінші рет ойнамақ. Ал «Сарыарқа» осы аралықта екі рет финалға шыққан.
Сонымен қатар бас бапкерлер Константин Пушкарёв (осы қызметтегі дебюттік маусымы) пен Владимир Князев өз командаларын алғаш рет Pro Ligasy финалдық сериясына шығарды.
«Сарыарқа» ойыншылары Александр Борисевич пен Егорь Кузьменко (7+5) плей-оффтың үздік бомбардирлері тізімін бастап тұр. Оның үстіне Кузьменко кубоктық кезеңнің үздік мергені саналады. «Номад» шабуылшысы Вячеслав Колесников ең нәтижелі ойыншылардың үздік үштігін түйіндейді.
Астаналық Данил Бутенко (4+5) — осы плей-оффтағы ең нәтижелі қорғаушы. Қарағандылық Эдгарс Сиксна (1+8) бұл рейтингте үшінші орында.
Юргис Дубинскас пен Данил Кадочников қақпашылар арасында көшбасшылар қатарында. «Номад» өкілі 6 жеңіске жетіп, қақпаға бағытталған соққылардың 93,6%-ын қайтарды, сенімділік коэффициенті – 1,8. Ал «Сарыарқаның» қақпашысы 8 матчта жеңіске жетіп, орта есеппен 1,9 шайбадан жіберіп, 92,8% сейв көрсеткішіне ие.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager