Сарыарқа 2022 жылдан бері алғаш рет Pro Ligasy финалында ойнайды

27 naýryz
2629

Өскеменде «Торпедо» мен «Сарыарқа» күш сынасқан екінші жартылай финалдық серия аяқталды.

Ойынның алғашқы екі кезеңінде басты кейіпкерлер қақпашылар болды – олар өз қақпаларын берік қорғап, қарсыластарға мүмкіндік бермеді. Тек соңғы кезеңнің басында ғана командалар нәтижелі шабуылдармен алмасты. Эрик Алдабергеновтың голына қарағандылықтар Эдгарс Сикснаның шайбасымен жауап қатты. Негізгі уақытта жанкүйерлер бұдан өзге гол көрген жоқ.

Овертайм өте қысқа болды. Алтыншы секундта-ақ Евгений Королинский ыңғайсыз қолымен соққы жасап, командасын финалға шығарды. Енді «сары-қараларды» шешуші кезеңде елордалық «Номад» күтіп тұр.

«Сарыарқа» 2022 жылдан бері алғаш рет Pro Ligasy алтын жүлдесі үшін таласады. Ал «Торпедо» «Құлагермен» қола жүлде сериясында ойнайды.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

1:0 - 43:36 - Алдабергенов (Хорошев, Панченко)

1:1 - 48:46 - Сиксна (Кузьменко, Борисевич)

1:2 - 60:06 - Королинский

Қақпашылар: Янков - Кадочников

«Торпедо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-4 (6:2, 2:3 ОТ, 2:3, 1:4, 1:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.