Хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық раундының қатысушыларымен танысайық.
«Торпедо» (2) – «Сарыарқа» (3)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 1:3, 3:4, 0:1 ОТ, 2:1, 5:3, 2:3.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (5 балл, 0+5) – Артём Лихотников (6 балл, 1+5).
¼ финалдың нәтижелері: «Бейбарыспен» серияда4-0 – «Горнякпен» серияда 4-1.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 13/7 – 20/9.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (7 балл, 3+4) – Александр Борисевич (9 балл, 2+7).
Тұрақты чемпионаттағы алты өзара кездесудің төртеуінде қарағандылықтар басым түсті.
Торпедо – бірінші раундтан ең аз ойын санымен өткен жалғыз жартылай финалист.
Қазіргі плей-офф кезеңінің үздік бомбардирлері үштігінде бірден Сарыарқа клубының екі өкілі бар: Александр Борисевич және Егор Кузьменко (6+2). Соңғысы – кубок кезеңінің үздік мергені. Өскемендік Дмитрий Гренц бомбардирлердің үздік бестігін түйіндейді.
Қарағандылық Эдгарс Сиксна (0+5) – осы плей-оффтағы ең нәтижелі қорғаушылардың ішінде екінші орында.
Торпедо қақпашылар бригадасы негізгі көрсеткіштер бойынша лигадағы үздік болып отыр. Владислав Пестов 3 жеңісті матч өткізіп, орта есеппен 2 шайба жіберіп, соққылардың 94,3%-ын қайтарды. Андрей Янков командасына 1 ойында жеңіске жетуге көмектесті. Оның сенімділік коэффициенті – 1, ал тойтарылған соққылар пайызы – 96,8.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager