Pro Ligasy плей-оффының жартылай финалдық кезеңінің төртінші қатысушысы анықталды.
«Көшпенділер» алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша қарсылас қақпасын төрт рет дәл көздеп, өздеріне айтарлықтай қолайлы басымдық қалыптастырды. Кейін астаналықтар ойын тізгінін уыстан шығармай, матчты сенімді жеңіспен аяқтады. Алаң иелері сапынан Әділ Бейсембаев дубль авторы атанды. Қақпашы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды.
Осылайша, «Номад» Pro Ligasy жартылай финалына жолдама алған төртінші команда болды. Константин Пушкарёв шәкірттері финалға шығу үшін «Құлагермен» кездеседі. Ал екінші жартылай финалдық жұпты «Торпедо» мен «Сарыарқа» командалары құрайды.
«Номад» - «Алматы» 9:2 (4:0, 3:2, 2:0)
1:0 - 00:30 - Бейсембаев (Колесников, Гайтамиров)
2:0 - 06:14 - Диханбек (Данияр, Гусейнов)
3:0 - 15:16 - Гатиятов (Бойко, Гусейнов) ГБ
4:0 - 19:32 - Муратов
4:1 - 20:50 - Ананичев (Жульдиков)
4:2 - 22:17 - Валиев (Белоус)
5:2 - 23:01 - Бейсембаев (Колесников)
6:2 - 36:25 - Гусейнов (Гатиятов, Диханбек)
7:2 - 39:32 - Бойко (Старченко, Муратов)
8:2 - 48:38 - Колесников (Старченко, Муратов) ГБ
9:2 - 55:17 - Данияр (Гатиятов, Диханбек) ГБ
Қақпашылар: Дубинскас - Клоберданец (Эрштейн, 51:24-60:00)
«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 4-3 (2:3, 5:2, 6:2, 0:1 ОТ, 2:4, 2:1, 9:2).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager