Номад пен Алматының тағдырын жетінші матч шешеді

8 naýryz
518

Алматылықтар өз алаңында «көшпенділерді» тықсыра алмады. Енді серия жеңімпазы елордада анықталады.

Матчтың ортасына қарай «Номад» қарсылас қақпасына екі шайба соқты – сұрмергендер Роман Старченко мен Саян Данияр өз есептерін толықтырды (Даниярдың тағы бір шайбасын төрешілер есепке алмады). Екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Арлан Ақпирганов есеп айырмасын минимумға дейін қысқартып, матч соңында қонақтарды біршама састырды.Алайда Юргис Дубинскас бастаған елордалық команданың қорғанысы сыр берген жоқ. Қақпашы матч барысында қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды. Енді командалар Астанада тағы бір рет кездеседі – жетінші матчта жартылай финалға берілетін соңғы жолдаманың иесі анықталады.

«Алматы» - «Номад» 1:2 (0:1, 1:1, 0:0)

0:1 - 17:48 - Старченко

0:2 - 30:43 - Данияр (Гатиятов, Түсіпбеков)

1:2 - 38:34 - Акпирганов (Машинец, Атаханов)

Қақпашылар: Клоберданец – Дубинскас

«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-3 (2:3, 5:2, 6:2, 0:1 ОТ, 2:4, 2:1).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.