ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Маусымда осымен екінші рет өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы болып «Теміртаудың» өкілі Денис Михнин танылды. Ол өз командасына өз алаңында «Номадты» екі рет жеңуге көмектесті (3:2 және 4:3). Осы жекпе-жектің аясында форвард әрбір ойында шайба салып, 4 (2+2) балл жинады.
Елордалық ұжым маусымда алғаш рет қос жұптасқан матчта жеңіліс тапты. «Теміртаулықтар» қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырап, көшбасшы үштікке ену үшін күресті жалғастыруда.