Торпедо – Бейбарыс матчындағы есептелмеген голға қатысты түсіндірме

27 aqpan
1187

Республикалық жарыстарды өткізу департаменті Қазақстан Республикасының ерлер командалары арасындағы чемпионаттың ¼ финалындағы №278 матчта «Torpedo» – «Beibarys» ойынында «Beibarys» ХК-ның есептелмеген шайбасы бойынша түсіндірме берді.

Матчтың 60-минутында «Beibarys» командасының ойыншысы Павел Колотыгин (№55) қақпаны дәл көздегеннен кейін, «Torpedo» командасы қақпашыға кедергі келтіру фактісіне байланысты бапкерлік сұрау салды. Бейнеқайталауды қарау нәтижесінде келесі жағдай анықталды: шабуылдаушы ойыншы қақпа алаңында тұрып, қақпашымен байланысқа түскен және сол арқылы оған шайбаны қайтаруға кедергі келтірген. Сондықтан шайба есепке алынбады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.