Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
«Сарыарқа» (3) – «Горняк» (6)
Жеңістер/ұпайлар: 39/83 – 24/57.
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 223/121 – 176/166.
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Артём Лихотников (66 балл, 22+44) – Валерий Гурин (76 балл, 32+44).
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 5:3, 3:1, 4:3 ОТ, 4:0, 1:3, 4:1.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Александр Борисевич (9 балл, 3+6) – Руслан Өтебаев (3 балл, 3+0).
Тұрақты чемпионаттағы алты кездесудің бесеуінде жеңіс қарағандылықтардың еншісінде болды, ал бір ойында «Горняк» матчты овертаймға дейін жеткізе алды.
«Сарыарқа» – тұрақты маусымдағы ең нәтижелі үш команданың бірі, әрі маусым барысында 200 шайба межесінен асқан ұжымдардың қатарында.
Қарсы бетте лиганың ең үздік бомбардирі Валерий Гурин бастап тұрған чемпионаттың ең нәтижелі үштігі өнер көрсетеді. Жалпы Юлбарисов – Степанов – Гурин звеносы 75 шайба соғып (команданың барлық голдарының 42,6%-ы), 217 ұпай жинады. Юлбарисов маусымның үздік ассистенті атанды.
«Сарыарқа» қорғаушысы Эдуард Михайлов (9+39) тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша өз позициясындағы ең үздік бомбардир болды. Ол 40 ұпайлық межеден асқан жалғыз қорғаушы атанды.
Шахтерлер астанасының тағы бір өкілі Даниил Кадочников «құрғақ» матчтар саны бойынша (5) лиганың үздік үш қақпашысының қатарына енді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager