Номад Сарыарқаны бірінші орыннан ығыстырды, Торпедо қатарынан төртінші жеңіске жетті

18 aqpan
333

Pro Ligasy тұрақты чемпионаты өз мәресіне таяп қалды.

Торпедо бірінші кезеңнің соңын өте сәтті өткізіп, үздік үштікке ену жолындағы тартысқа араласты. Бүгін өскемендіктер өз айдынында Горняк командасын жеңіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелері сапынан Александр Панченко, Эрик Алдабергенов және кем құраммен көзге түскен Андрей Яковлев шайба соқты. Андрей Янков 30 сейв жасап, командасының жеңісіне үлкен үлес қосты.

«Торпедо» - «Горняк» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 04:07 - Панченко (Гренц)

2:0 - 22:58 - Алдабергенов (Гренц, Рыжий)

2:1 - 25:07 - Барабаш (Кротов)

3:1 - 57:20 - Яковлев ГМ

Қақпашылар: Янков - Нурек

Номад «Алматыға» еш мүмкіндік қалдырмай, қарсылас қақпасына жеті шайба соқты және қарсы тараптың бапкерлер штабын екі бірдей қақпашыны пайдалануға мәжбүр етті. Жеңіс шайбасының авторы Диас Гусейнов атанды. «Көшпенділер» сапындағы қорғаушылар Артём Королёв пен Хакназар Кеңесбай маусымдағы алғашқы голдарын соқты. Осы жеңістің арқасында Константин Пушкарёвтің шәкірттері турнир кестесінде бірінші орынға көтеріліп, Сарыарқа командасын ығыстырды.

«Номад» - «Алматы» 7:1 (4:1, 2:0, 1:0)

1:0 - 02:28 - Данияр (Гатиятов, Диханбек)

1:1 - 16:26 - Анисимов (Ананичев)

2:1 - 17:05 - Гусейнов (Диханбек, Бутенко)

3:1 - 18:23 - Бейсембаев (Мұратов)

4:1 - 19:35 - Старченко (Мұратов)

5:1 - 22:18 - Колесников (Шульга)

6:1 - 31:51 - Кеңесбай (Колесников, Шульга)

7:1 - 54:49 - Королёв (Макеев, Маңғысбаев)

Қақпашылар: Калмыков - Клоберданец (Эрштейн, 23:32-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.