Торпедо екінші орынға шықты, Құлагер Алматыны ойсырата жеңді

15 aqpan
352

Жексенбі күні Pro Ligasy аясында екі матч өтті.

Өскемендіктер Көкшетаудан төрт ұпай олжалап, осы жетістіктің арқасында турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Қонақтар үшін жеңіс шайбасын Андрей Рунов соқты. Владислав Пестов 33 соққының бетін қайтарды. «Арлан» сапында Вадим Кравченко дубль авторы атанды.

«Көкшеліктер» тұрақты чемпионат бағдарламасын 73 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Ал «Торпедоның» алдында әлі екі ойын бар, әрі аралық көшбасшы «Сарыарқадан» үш ұпайға қалып келеді.

«Арлан» - «Торпедо» 2:5 (1:1, 0:3, 1:1)

1:0 - 02:21 - Кравченко (Недилько) ГБ

1:1 - 05:03 - Колобов (Гренц) ГБ

1:2 - 31:16 - Кляузов (Колобов, Боровков)

1:3 - 36:16 - Рунов (Яковлев)

1:4 - 36:33 - Рахманов (Оспанов, Мусоров)

2:4 - 42:49 - Кравченко (Санников, Преснов) ГБ

2:5 - 58:36 - Панченко (Гренц, Сергиенко) ПВ

Қақпашылар: Мейдер (Истомин, 36:16-57:42, 58:36-60:00) - Пестов

«Құлагер» «Алматыдан» сенімді қарымта қайтарды. Бүгін оңтүстік астана командасының қақпасына жеті шайба соғылды. Алаң иелері сапында Артём Бурделёв пен Евгений Попитич дубль авторы атанды.

Осылайша, петропавлдықтар плей-офф кезеңіне бесінші орынмен (71 ұпай) қадам басты. «Алматы» кубоктік сатыда сегізінші нөмірлі орынға ие болды (46 ұпай).

«Құлагер» - «Алматы» 7:2 (2:0, 4:0, 1:2)

1:0 - 07:19 - Попитич (Воробьёв, Тунхузин) ГБ

2:0 - 15:27 - Воробьёв (Попитич) ГБ

3:0 - 24:32 - Бурделёв (Марқабаев, Гатин)

4:0 - 27:54 - Свинтальский (Муканов, Гончаров)

5:0 - 28:23 - Бурделёв (Марқабаев)

6:0 - 39:22 - Попитич (Двуреченский, Гончаров)

6:1 - 43:12 - Ананичев (Фокин, Валиев)

7:1 - 52:11 - Мартынов (Бурделёв, Гатин)

7:2 - 57:56 - Ананичев (Жульдиков, Анисимов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Эрштейн (Яковенко, 27:54-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.