Торпедо Арланнан басым түсті, Алматы буллиттер бойынша Құлагерді жеңді

14 aqpan
282

Қазақстан хоккей чемпионатындағы ойын уикенді Көкшетау мен Петропавлдағы екі кездесумен ашылады.

«Торпедо» тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін күресін жалғастыруда. Маңызды ойында өскемендіктер «Арланның» қарсылығын еңсерді. Қонақтарға жеңіс сыйлаған дәл соққылардың авторлары – Никита Колобов, Фёдор Хорошев және «көктаулықтардың» бос қақпасын дәл көздеген Эрик Алдабергенов. «Арлан» сапынан Евгений Орлов басымдықта ойнап, гол соқты.

«Арлан» - «Торпедо» 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)

0:1 - 07:59 - Колобов (Гавриленко, Боровков)

0:2 - 16:00 - Хорошев (Гренц)

1:2 - 30:43 - Орлов (Санников, Борисов) ГБ

1:3 - 59:47 - Алдабергенов (Панченко, Гренц) ПВ

Қақпашылар: Мейдер - Пестов

«Құлагер» мен «Алматыға» жеңімпазды анықтау үшін 65 минут ойын уақыты жеткіліксіз болды. Буллиттер сериясында қонақтар дәлірек болып, шешуші шайбаны Данияр Ғабдуллин соқты. Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 45 соққының бетін қайтарды.

«Құлагер» - «Алматы» 3:4 Б (1:0, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 12:30 - Марқабаев (Бурделёв, Гончаров)

1:1 - 22:52 - Селезнёв (Валиев, Жульдиков)

2:1 - 38:28 - Базанов (Марқабаев, Шапорев)

2:2 - 39:08 - Әмірқанов (Селезнёв, Андрусенко)

2:3 - 42:56 - Жульдиков (Ананичев, Гафаров)

3:3 - 57:41 - Тунхузин (Бурлака, Своеволин)

3:4 - 65:00 - Ғабдуллин ПБ

Қақпашылар: Осокин - Эрштейн


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.