Көкшетау, Ақтөбе және Астанада Pro Ligasy тұрақты чемпионаты аясындағы қарымта кездесулер өтті.

«Арлан» «Ертіске» қарсы екінші үй матчында айтарлықтай қиналған жоқ. Алаң иелері үшін ең нәтижелі кезең қорытынды үшінші кезең болды – осы аралықта олар қарсылас қақпасына төрт шайба соқты. «Көкшетаулықтар» сапынан Степан Санников дубль авторы атанды, ал Александр Гопиенконың еншісінде төрт нәтижелі пас бар. Павлодарлықтар құрамынан Данияр Білімбаев екі гол соқты.
«Арлан» - «Ертіс» 9:2 (3:1, 2:1, 4:0)
1:0 - 03:51 - Кисель (Борисов, Гопиенко)
2:0 - 12:03 - Тарасенко (Бейсембиев, Лукавенко)
3:0 - 16:39 - Кравченко (Свинцицкий, Гопиенко)
3:1 - 18:35 - Билимбаев
4:1 - 23:05 - Бейсембиев (Карпов)
4:2 - 24:00 - Білімбаев (Медведков)
5:2 - 27:12 - Санников (Свинцицкий, Гопиенко)
6:2 - 49:58 - Недилько (Санников, Кравченко)
7:2 - 53:07 - Санников (Кравченко, Борисов) ГБ
8:2 - 56:45 - Касенов (Беляев)
9:2 - 57:51 - Чапоров (Гопиенко, Санников)
Қақпашылар: Истомин - Нечвиенко

«Горняк» елдің батысында төрт ұпай еншіледі. Бүгін рудныйлық ұжымға жеңіс сыйлағандар – Евгений Степанов, Данила Платонов және Владимир Кротовтың дәл соққылары болды. Владислав Нурек қарсыластардың есепті өзгертуге бағытталған 24 соққысын қайтарып, командасын құтқарып қалды.
«Ақтөбе» - «Горняк» 1:3 (0:2, 0:0, 1:1)
0:1 - 06:53 - Степанов (Юлбарисов, Куршук) ГМ
0:2 - 18:49 - Платонов (Юлбарисов)
1:2 - 45:32 - Ищенко (Комаров, Астраханцев) ГБ
1:3 - 48:32 - Кротов
Қақпашылар Дубович - Нурек

«Торпедо» елордада қарымта қайтарды, соның арқасында өскемендіктер тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін күресті жалғастырып келеді. Бір қызығы, бүгін қонақтар сапындағы төрт шайбаны қорғаушылар соқты, оның ішінде екінші матчта қатарынан мергендігімен Юрий Сергиенко көзге түсті. Никита Колобов өз есебіне үш ұпай қосты (1+2). Владислав Пестов қақпаға бағытталған 25 соққыны тойтарды.
«Номад» - «Торпедо» 3:7 (0:0, 0:4, 3:3)
0:1 - 30:22 - Колобов (Гренц, Боровиков) ГБ
0:2 - 30:50 - Сергиенко (Мусоров, Хорошев) ГБ
0:3 - 35:41 - Панченко (Сергиенко)
0:4 - 38:21 - Быков (Оспанов, Колобов)
1:4 - 44:37 - Бойко (Бутенко, Гусейнов)
2:4 - 46:52 - Бутенко (Гатиятов, Гусейнов)
3:4 - 47:38 - Гатиятов (Диханбек, Данияр) ГБ
3:5 - 51:53 - Боровиков (Оспанов)
3:6 - 53:05 - Рунов (Каиров, Колобов)
3:7 - 53:57 - Гавриленко (Гренц, Панченко)
Қақпашылар: Калмыков (Никитин, 38:21-59:01) - Пестов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager