Номад Торпедоның жеңіс сериясын үзді, Бейбарыс Алматыдан жеңісті жұлып әкетті

10 aqpan
291

Pro Ligasy-ның елордадағы матчтарын бақылаймыз.

«Алматы» ойынды қарқынды бастап, сегізінші минуттың соңына дейін Атыраудан келген қарсыластар қақпасын үш рет дәл көздеді (Ринат Валиев дубль жасады). Алайда кейін оңтүстік астана ұжымы ойын өрнегін жоғалтып, «Бейбарыс» қуып жетуге кірісті және бұл талпынысы сәтті аяқталды. Ерлан Ербатыров, Илья Ковзалов және Юсуп Асуханов соққан голдар қонақтарға ойынды овертаймға жеткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, Тимур Шингареев атыраулықтарға қосымша ұпай сыйлады.

«Алматы» - «Бейбарыс» 3:4 Б (3:0, 0:2, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 04:14 - Валиев (Ананичев)

2:0 - 07:00 - Валиев (Ананичев, Анисимов)

3:0 - 07:41 - Селезнёв (Атаханов, Гусейнов)

3:1 - 33:22 - Ербатыров (Васин, Шишов)

3:2 - 35:07 - Ковзалов (Асуханов, Колотыгин) ГБ

3:3 - 55:13 - Асуханов (Клочков, Ербатыров)

3:4 - 65:00 - Шингареев

Қақпашылар: Клоберданец - Микушин (Байдек, 07:41-65:00)

Ойын күнінің басты кездесуінде «Номад» «Торпедомен» күш сынасты. Ойын өрнегі бойынша өскемендіктер сәл белсендірек болғанымен, алаң иелері өз мүмкіндіктерін тиімдірек пайдаланып, маусымда 80 ұпайлық межеге жетті. «Көшпенділерге» жеңісті Саян Данияр, Вячеслав Колесников және Олег Бойко соққан шайбалар алып келді. Сондай-ақ, туған клубына оралғаннан кейінгі алғашқы матчында-ақ мергендік танытқан Юрий Сергиенконың голын атап өткен жөн.

«Номад» - «Торпедо» 3:2 (2:0, 0:2, 1:0)

1:0 - 09:23 - Данияр (Диханбек)

2:0 - 13:38 - Колесников (Муратов, Бейсембаев) ГБ

2:1 - 29:56 - Рифель (Рыжий, Рысбеков)

2:2 - 39:06 - Сергиенко (Руденков, Мусоров)

3:2 - 54:15 - Бойко (Данияр, Гатиятов) ГБ

Қақпашылар: Калмыков - Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.