Старченко басқарған Номад Құлагерді жеңіп, турнир кестесіндегі бірінші орынға қайта көтерілді

18 qańtar
425

Pro Ligasy-ндағы ойын аптасы Астанада «Номад» пен «Құлагердің» екінші кездесуімен аяқталды.

Ойынға «көшпенділердің» ойыншылар орындығында бапкер ретінде Роман Старченконың пайда болуы ерекше қызығушылық қосты. Ол бұл матчта ойнамай, өзін жаңа рөлде сынап көруге мүмкіндік алды.

47-минутқа дейін алаң иелері ойынды сенімді бақылауда ұстап, есепте үш шайбамен алда болды. Алайда соңғы кезең петропавлдықтардың бақылауымен өтіп, олар небәрі сегіз минуттың ішінде үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, кездесуді овертаймға жеткізді. Дегенмен қосымша уақытта «Номад» Кирилл Ляпуновтың дәл соққысынан кейін жеңіске жетті.

Астаналықтар сапынан Вячеслав Колесников дубль авторы атанды. Ал қонақтар қатарынан сұрмергендер Евгений Попитич, Алмаз Мұқанов, Дмитрий Исмагилов және Станислав Тунхузин өз есептерін толықтырды.

«Номад» - «Құлагер» 5:4 ОТ (2:0, 2:1, 0:3, 1:0)

1:0 - 08:19 - Колесников (Сулейменов)

2:0 - 18:01 - Никитин (Цыбин)

3:0 - 21:27 - Шульга (Колесников)

4:0 - 23:56 - Колесников (Калмыков, Никитин)

4:1 - 30:01 - Попитич (Бурлака)

4:2 - 46:14 - Мұқанов

4:3 - 47:31 - Исмагилов (Воробьёв)

4:4 - 53:43 - Тунхузин (Исмагилов)

5:4 - 60:59 - Ляпунов (Оразов)

Қақпашылар: Калмыков - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.