2026 жылғы Құрлықтық кубоктің финалдық ойынында «Торпедо» британдық «Ноттингем Пантерс» командасымен кездесті.
Қорытынды кезеңнің басына қарай Кубок иелері 3:0 есебімен алда болып, жалпы матчтың барысын бақылауда ұстады. Алайда кездесудің соңына қарай «торпедолықтар» ойынды қайта жандандыра алды. Турнирдегі алғашқы шайбасын «Ноттингем» Степан Рифельден өткізіп алды. Араға 35 секунд салып, өскемендік команда Михаил Рахмановтың «6-ға 5» форматындағы ойында соққан шайбасының арқасында есеп айырмасын барынша қысқартты.
Дегенмен қазақстандық ұжым камбэкті толық жүзеге асыра алмады. Финалдық сиренаға 12 секунд қалғанда «Торпедоның» бос қақпасына төртінші шайба соғылып, матчтың түпкілікті нәтижесі тіркелді.
Осылайша Андрей Корабейниковтің шәкірттері тарихта алғаш рет беделді турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. Ал Владислав Пестов Құрлықтық кубоктің үздік қақпашысы деп танылды.
«Ноттингем» - «Торпедо» 4:2 (1:0, 2:0, 1:2)
1:0 – 17:49 – Спенсер (Волкан, Доэрти)
2:0 – 34:25 – Лемос (Волкан, Хенбрант)
3:0 – 35:34 – Зех ШБ
3:1 – 58:29 – Рифель (Хорошев, Боровиков)
3:2 – 59:04 – Рахманов (Хорошев, Мусоров)
4:2 – 59:48 – Гарат (Алфаро)
Қақпашылар: Карр– Пестов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager