Pro Ligasy ойын күніндегі жалғыз матч елордада өтті.
«Номад» пен «Құлагер» арасындағы кездесудің негізгі оқиғалары соңғы кезеңде өрбіді. Өз мүмкіндіктерін ұқыптырақ пайдаланған «көшпенділер» Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов және петропавлдықтардың бос қақпасына шайба соққан Николай Шульганың дәл соққыларының арқасында екі ұпай еншіледі. Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 30 соққыны тойтарды.
Осы жеңістен кейін Константин Пушкаревтің шәкірттері чемпионат көшбасшысы «Сарыарқадан» қалып тұрған айырманы бір ұпайға дейін қысқартты.
«Номад» - «Құлагер» 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)
1:0 - 23:20 - Колесников (Ляпунов)
1:1 - 46:24 - Воробьёв (Попитич, Гатин)
2:1 - 48:15 - Ляпунов (Шульга, Турсынов)
3:1 - 59:11 - Шульга (Дубинскас) ПВ
Қақпашылар: Дубинскас - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager