Ақтөбедегі 13 шайба, Арланның құрғақ жеңісі, Атыраудағы буллиттер

16 qańtar
252

Pro Ligasy чемпионатындағы жұмыс аптасы үш матчпен аяқталады.

«Бейбарыс» пен «Сарыарқа» арасындағы екінші кездесуде жеңімпазды анықтау үшін командаларға 65 минут ойын жеткіліксіз болды. Нәтижесінде бәрі буллиттер сериясында шешіліп, онда қарағандылық хоккейшілер дәлдігімен ерекшеленді. Шешуші соққы Евгений Королинскийдің еншісінде. Сондай-ақ сұрмергендер Артём Лихотников, Никита Баженов және Данила Карабань өз есептерін толықтырды. Алаң иелері сапында Тимур Шингареев дубль авторы атанды.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 3:4 Б (1:2, 1:1, 1:0, 0:0, 0:0)

0:1 - 03:02 - Лихотников (Фазлеев, Степаненко)

1:1 - 03:18 - Шишов (Шингареев, Дорофеев)

1:2 - 10:44 - Баженов (Волков, Дёмин)

2:2 - 26:41 - Шингареев (Дорофеев, Садыков)

2:3 - 32:06 - Карабань (Лихотников, Барбашев) ГБ

3:3 - 57:31 - Шингареев (Дорофеев, Стулов) ГБ

3:4 - 65:00 – Королинский ПБ

Қақпашылар: Микушин (Осипов, 10:44-65:00) - Ибрагимов

«Ақтөбе» нәтижелі өткен матчта «Ертісті» жеңді. Әсіресе екінші кезең оқиғаларға толы болып, осы аралықта командалар он шайба соқты. Алаң иелері құрамынан Михаил Калиниченко, Владислав Плотников және Ерасыл Шайкенов дубль авторлары атанды. Дінмұхамед Сапарбек командаластарына төрт рет нәтижелі пас берді. Батыс Қазақстаннан келген ұжым үшін бұл жеңіс ағымдағы маусымдағы оныншысы болды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 9:4 (2:0, 7:3, 0:1)

1:0 - 00:17 - Петров (Сапарбек, Козорез)

2:0 - 04:22 - Калиниченко (Ищенко, Цихоцкий)

2:1 - 20:10 - Акпирганов (Пидяшов)

3:1 - 21:22 - Захаров (Зизевских)

3:2 - 21:46 - Симеониди (Демирделен, Дьяченко)

4:2 - 26:14 - Козорез (Петров, Сапарбек)

5:2 - 29:36 - Плотников (Захаров, Зизевских)

6:2 - 29:45 - Калиниченко (Ищенко, Арғымбаев)

7:2 - 30:44 - Плотников (Сапарбек, Құрсақбаев)

7:3 - 31:57 - Ташимов (Игушкин, Дьяченко)

8:3 - 35:59 - Шайкенов (Сапарбек, Трибунский)

9:3 - 37:56 - Шайкенов (Плотников, Захаров)

9:4 - 57:29 - Шкленник (Жабунин, Симеониди) ГБ

Қақпашылар: Ершов - Какенов (Челайдюк, 21:22-29:45)

«Алматы» оңтүстік астанада өткен командалардың екінші кездесуінде «Арланның» қақпасын бұза алмады. Қонақтар сапынан Вадим Кравченко мен Дмитрий Преснов көзге түсті. Владимир Истомин өз қақпасына бағытталған 17 соққыны қайтарды. Осы нәтижеден кейін көкшетаулықтар көшбасшы үштікке екі ұпай қашықтықта жақындай түсті.

«Алматы» - «Арлан» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 - 15:26 - Кравченко (Санников, Борисов) ГБ

0:2 - 31:54 - Преснов

Қақпашылар: Клоберданец - Истомин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.