Торпедо Құрлықтық кубок финалында ойнайды

16 qańtar
2435

Құрлықтық кубоктің жартылай финалдық кезеңіндегі екінші матчта «Торпедо» француздың «Анже» командасымен кездесті.

Ойынның 40 минуттан астам бөлігінде таблода нөлдік есеп сақталып тұрды, бұл қазақстандықтарды толық қанағаттандырды. Кейін «Анже» екі шайба соғып, ойынға шындап кірісті. Алайда Александр Панченко басымдықты дер кезінде тиімді пайдаланып, қарсыластарын тәуекелге баруға мәжбүр етті.

Тек ірі жеңіс қана қажет болған француз командасының бапкерлер штабы финалдық сиренаға төрт минут қалғанда қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына алмастырды. Бірақ бұл сәтті өскемендіктер тиімді пайдаланып, есепті Эрик Алдабергенов теңестірді.

Нәтижесінде командалар овертаймға өтті, онда Оливье Арчембоның голының арқасында «Анже» жеңіске жетті. Дегенмен бұл нәтиже турнирлік жағдайға еш әсер еткен жоқ.

Осылайша Андрей Корабейников шәкірттері жартылай финалдық кезеңде төрт ұпай жинап, В тобында жеңіске жетті және турнир финалына жолдама алды. Финалда «Торпедоның» қарсыласы А тобы аясындағы «Ноттингем» мен «Катовице» арасындағы матч аяқталғаннан кейін белгілі болады.

«Торпедо» - «Анже» 2:3 ОТ (0:0, 0:0, 2:2, 0:1)

0:1 – 42:24 – Риц (Донахью)

0:2 – 46:14 – Халли (Онно, Кентаццо)

1:2 – 52:45 – Панченко (Рунов, Хорошев) ГБ

2:2 – 56:30 – Алдабергенов (Панченко)

2:3 – 63:46 – Арчембо (Шарбонно)

Қақпашылар: Пестов – Смит 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.